Пәні: «Философия» Дәріскер: Құдайбергенова Назгүл Жанысқызы, PhD



бет1/18
Дата14.12.2021
өлшемі70,87 Kb.
#126471
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дәрістер-Философия 2020-1



Пәні: «Философия»

Дәріскер: Құдайбергенова Назгүл Жанысқызы, PhD

1 Дәріс. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі

Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Ежелгі Үндістан, Қытай, Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды.

Философия – Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі. Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Күнделікті тәжірибелік өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен кездесіп отырады. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда рһіlео - сүйемін, sорһіа – даналық дегенді, басқаша айтсақ, даналыққа құштарлық дегенді білдіреді. Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін түсіну, асықпай, аптықпай шешім қабылдау, яғни ол – адамның интеллектуалдық мүмкіндігінің шыңы, адам армандайтын рухани биіктік.

«Философ» сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір сүруге тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек философы Пифагор қолданған.

Философия - айқын және парасатты ғылым. Философия мәселе туралы терең толғанудан, сол мәселені жан-жақты қарастырудан, мұқият бағалай отырып сынаудан тұрады. Бұл жағдайда сынға теріс қарамау керек: сын - ой-пікірді таразылауға көмектеседі және қисынды қорытындыларға жетелейді. Бұл жерде ең бастысы - ақыл-ой, өйткені біз адам көңілінің құбылуы туралы емес, логика жайында айтып отырмыз.

Философияның басы - таңдану. Сократ "Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін" дегендей, танданған адамзаттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.

Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл - байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.

Көне грек топырағында бұл алғашқы білімге философия деген атақ беріліп, ол шынында сол кездегі барлық дүние зерттеудегі пайда болған ғылымның алғашқы деректері мен тұжырымдамаларын өз бойына сіңірді. Сонымен қатар, философияның өз табиғатына тән сұрақтары да пайда бола бастайды. Олар – Дүниенің негізінде не жатыр? Адам – ол кім? Ақиқат, ізгілік, әсемдік дегеніміз не? т.с.с. сұрақтар. Бұл Дүние жөніндегі шегіне жеткен ең жалпы сұрақтар пайда болып, өзінің мазмұнын ғасырлар өткен сайын тереңдете түсті. Көне заманның ұлы ойшысы Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия (ой-өрісінен шығады), практикалық (адамның өмірдегі жүріс-тұрысы мен іс-әрекетін зерттейді) және көркемөнерлік (шығармашылықты зерттейді).

Орта ғасырларда дінге, діни сезімге басым орын берілгенімен, философия пәні жөніндегі Көне Замандағы қалыптасқан көзқарас сол күйінде қала берді.

Алайда, бұл жағдай дүниеге Жаңа дәуір келе өзгере бастайды. Ол, біріншіден, философиялық ой-өрістің діннен дербестік алуы; екіншіден, капиталистік қарым-қатынастардың дамуының арқасында өндіргіш күштердің жаратылыстану ғылымдарын жандантып, олардың дербес сала ретінде қалыптасуына әкелуі. Механика, астрономия, математика ғылым салалары өздерінің пәндік дәрежесіне көтерілді. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысында ҒТР күрт дамуы жеке ғылымдардың өзінің көп салалы пәндерге айналуына, сонымен қатар, екі саланың қиылысқан жерінен пайда болған биофизика, астрофизика, биохимия сияқты жаңа ғылым салалары дүниеге келді.

Сонымен, ғылымның қалыптасып, сала-салаға бөлінуі (дифференциация), бірте-бірте ғылыми салалардың түйіскен жерлерінен жаңа пәндердің пайда болуына әкелді (интеграция).

Философияның ғасырлар бойы «натурфилософиялық мәселелермен» айналысу себебі – жеке ғылымдардың дербес пән ретінде өмір сүре алмауы; сондықтан философия жаратылыстану мен әлеуметтік ғылыми деректерді бойына жинап, соларды сараптап, өз ішінде бірте-бірте дамытуға мәжбүр болды.

Философия пәнінің қайнар көзі – жеке адам, я болмаса әлеуметтік топ, қоғамның Дүние мен адам және олардың ара-қатынасы жөніндегі жалпы мағлұматты қажет етуінде. Басқаша айтқанда, homo sapіens (саналы адам) Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады.

Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өнімі ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нәтижесі де емес, ол ұлттың рухани тәжірбиесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның интеллектуалдық әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің синтезі бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның ішкі мәнін ашуды мақсат тұтады.

Философия өзінің тарихи бастауынан бастап, осы заманға дейін – 2,5 мыңжылдық шеңберінде - өзінің пәнін, айналысатын мәселелерін өзгерткен жоқ. Жеке ғылымдардың қалыптасуы философияның өрісін тарылтқан жоқ және тарылта алмайды да, өйткені, ешбір жеке ғылым дүниенің ең жалпы байланыстары мен қатынастарын зерттемейді. Керісінше, философия өз пәнін ғылыми деректер өскен сайын дамытып, өз өрісін кеңейтіп және тереңдеу үстінде.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет