Бұл терезеде тСТУДЕНТЫ кестесінің өрістер тізімі, форма шебері арқылы құрған формамыз және Элементтер тақтасы (Панель элементов) көріп тұрмыз. Элементтер тақтасында басқару элементтері орналасқан.
Аталған тақтадан Батырма (Кнопка) элементін таңдап алып, форма Форма ескертулерінен (Примечание формы) төмен орналастырыңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 31).
Сурет 31. Батырма құру терезесі Батырманың қызметін анықтау үшін, біз Категориялар өрісінен қажет категорияны таңдаймыз. Ол - формалармен жұмыс (работа с формой). Категорияны таңдағанда сәйкес әрекеттері ашылады.
Ол жерден Форманы жабу (Закрыть форму) әрекетін таңдаймыз. Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 32)