Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Тақырыпты толық аша білу;
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;
Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;
Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;
Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;
Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.
Достарыңызбен бөлісу: |