ПОӘК 042-18-24 03\03-2016 2 ші басылым


Дәріс-6. ДЕССМУРГИЯ (ЛПЗ – 7)



бет5/9
Дата06.07.2018
өлшемі3,34 Mb.
#48218
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс-6. ДЕССМУРГИЯ (ЛПЗ – 7)

Десмургия — орау - таңу жөніндегі ғылым жүйесі. Негізі гректің desmos –байлау, таңу, esgon - іс деген терминдерінен алынған. Десмургия орау – таңу материалдарының түрлерін, оларды әртүрлі әдістермен орау, таңу және олардың қасиеттеріне қарай хирургиялық патологияда пайдалануды үйретеді. Бұл жарақаттарды емдеудің механикалық тәсіліне жатады.



.

Әр түрлі таңудың түрлері


Танғыштар қолданылу мақсатына қарай бірнешеге бөлінеді. Жануарлар денесіне таңғыш қан тамырлары бүлініп қан аққанда оны тоқтату үшін, жарақатты инфекциядан қорғауға және екінші рет жарақаттанудан сақтау үшін салынады. Танғыштар көбінесе хирургиялық ауруларда емдік шаралары жүзеге асыру үшін қолданылады. Атап айтсақ, жарақаттағы эксудатты шығару үшін сорғыш таңғыш, қабынуда қыздырғыш компресті таңғыш қолдады, ал жабық жарақаттарда, сүйек сынғанда, буын шыққанда иммобилизациялық (бекемдеу) таңғышы қолданылады.

Таңғыш материалдарына қойылатын талаптар – олардың созылғыштық (эластикалық) қасиетті болуымен қатар жұмсақ және орап таңылатын ұлпарға жақсы беттесетіндей болуы керек. Ашық жарақаттарда қолданылатын орау таңу материалдарының сорғыштық қасиеті болуы міндетті болса, берік, сорғыштық қасиеті жоқ таңғыштар жабық жарақаттарда қолданылады (сүйектің сынуы, шыруы т.б.).



Өндірісте кеңінен қолданылатын орау - таңу материалдарына – марлі жатады. Ол мақта жібінен сирек тоқылған мата. Оны қазақша дәке деп атайды. Бинт – Ұзындығы 3 – 7 метрге жететін ені 7 – 15 см болатын дәкеден дайындалатын лента. Сондай – ақ мақта, легнин (сорғыш қағаз), целлофан, клеенка жатады. Соңғы кезде өздігінен жабысатын, созылғыш, берік, көп сырғымайтын, сондай – ақ ауа өткізгіштік қасиеті бар бинт – «vet - flex» қолданысқа ене бастады. Оны таңғыштарды бекіту үшін бірнеше қайтара қолдануға болады

Таңғыштардың жіктелуі (классификациясы) және олардың салыну әдістері. Пайдалануына байланысты таңғыштар төмендегідей түрлерге жіктелінеді: Басатын немесе қысатын таңғыш. Соғылғанда ісікті, қан құйылуды азайту үшін ұлпаны астына мақта салып бинтпен қысып таңады. Ал жарақаттанған жердегі ұсақ қан тамырларынан аққан қанды тоқтату үшін оның астына 5% иод тұндасы сіңірілген мәрлі - мақта жастықшасы (анжы) салынады.

Жарақатқа салынатын таңғыш – жарақатты екінші рет жарақаттанудан және инфекциядан қорғайды. Мәрлі, бинт тәрізді материалдан салфетка, мәрлі - мақта жастықшасы дайындалып, оларға антибактериалдық майлар сіңіріліп жарақатты жауып, сыртынан дәкемен орап таңады. Бұл мақсатта стерильді материалдар пайдаланылады.

Өткізбейтін (окклюзиондық) таңғыш - көкірек, құрсақ қуыстарын тесіп өткен (енетін) жарақаттарда аталған қуыстарға ауа, шаң, микрофлора және басқа бөгде заттар түспес үшін қолданылады. Ол үшін ішкі қабатына дәкелі салфетканы майлы эмульсиярға батырады да, жарақатты жауып оның үстіне мақтаны салып, оның сыртынан дымқыл және ауа жібермейтін клеенка немесе целофанмен орап, дәкемен таңып байлайды.

Арнайы байлам салудың көрінісі
Құрғақ сорғыш таңғыш — жарақаттың бірінші кезеңінде, оның ішіндегі жиналған эксудатты, микрофлора мен оның уыттарын сорып құрғату үшін қолданылады. Байламның бірінші (ішкі) қабаты дәкелі тампон жарақаттың ішіне толтырылып тығылады, екінші қабаты гигроскопты мақта (қалындағы 1 см аспауы керек), үшінші қабаты бекіту қабаты (бөз, дәке). Капилярлық заң бойынша ішкі қабаттан сорылған жарақат эксудаты мен уыттары екінші қабаттағы мақтаға сорылады, аталған қабаттар ластанғанда құрғақ сорғыш материалдармен ауыстырылып тұрады.

Дымқыл сорғыш таңғыш — жарақат қуысындағы экссудатты, іріңді тезірек және толық сорып алу үшін қолданылады. Дәкелі кәріз жарақаттың қуысына енгізілместен бұрын NaСІ - дың гипертоникалық ертіндісіне батырылады да бір ұшы жарақат өзегіне енгізіліп, екінші ұшы жарақаттың сыртына шырарылады. Қалған қабаттары құрғақ сорғыш танғышпен бірдей.

Иммобилизациялық таңғыш — ұлпалардың бүлінген жерін қозғалтпай бекемдеу үшін қолданылады. Мысалы сынған сүйектің екі басын бір-біріне беттестіріп бекемдеу үшін қолданылады.

Қыздырғыш компресс таңғыштарұлпалардың жарақаттанған жеріне жоғары температура беру үшін қолданылады. Мысалы асептикалық қабынуды емдеу үшін. Бірінші (ішкі) қабаты 3-4 қабат жұмсақ материалдан (жұмсақ мата т.б.) дайындалып, 40-50% жылы спиртке малынып, сорғытылды да бүлінген жерге жабылады. Оның шеттері жарақат аумарынан 2-3 см шығып тұруы керек. Оның үстінен су жібермейтін қабат (целофан) оралады. Үшінші қабат жылу өткізбейтін материалдан (мақта т.б.) жасалады. Төртінші қабат қалған үш қабатты жануардың денесіне бекемдеу үшін жасалады (дәке, марлі т.б.)

Қызу компресс танғыштары 4-6 сағат арасында 2 сағат үзіліспен қолданылады.



Таңғыштардың салыну техникасына байланысты бірнеше түрлері бар. Олар: циркулярлық, спираль тәріздес, сегіздік тәрізді болады. Таңғыштарды салғанда сол жердің қан, лимфа тамырлары қатты қысылып , қан, лимфа айналысы бұзылмауын еске ұстаған жөн.

Циркулярлық таңғыш танғыштардың ішіндегі орындалуы жөнінен ең қарапайымы. Сол қолмен дәкенің бір ұшын таңылатын денеден қиғаштап шығарып дәкенің келесі қабаттары бір-бірін жабатындай орап таңып бай-лаймыз.

Спираль тәріздес(шиыршықты) таңғыш – таңылатын дененің астынан үстіне қарай спиральді жүріспен, әр қайталанатын орам алдынғысының 1/3-1/2 бөлігін жабуы керек. Ең соңынан 2-3 циркулярлық байламмен бекітіледі.

Спираль бүгілмелі таңғыш спиральдің байламнан айырмашылыры байлам салынатын дененің әртүрлі жуандғына байланысты, кей жерлері бүгіліп болып таңылады. Мысалы артқы аяқтың тілерсек буынына танғыш салу.

Жылжымалы таңғыш - әр орам дәкенің енімен бірдей, пішіні винт тәріздес. Танғыштың басталуы мен аяқталуы спиральды танғыштағыдай.

Сегіздік тәріздес таңғыш — оралған дәке әр орамында сегіздік сызып отырады (мысалы тұсамыс буынға салынады). Жануарларға жоғарыдағы аталған танғыштардан басқа тасбақа тәрізді, жаулықша тәріздес, төртбұрышты, суспензорлық таңғыштарда салынады. Аталған таңғыштар марліден, бөзден, дәкеден салынады. Сыртқы пішіндері өздерінің аттарына сәйкес келеді. Таңғыштардың қолданылуы жануар денесіндегі мүшелері мен олардары пайда болған патологиялық процеске байланысты болады.


Спиральді және сегіздік терізді таңғыштар

Мүйізге байлам салу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет