Полимер сессия 13-билет 1-СҰРАҚ



бет4/7
Дата18.12.2022
өлшемі35,44 Kb.
#163139
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ПОЛИМЕР СЕССИЯ

30 билет
1-сұрақ
Биополимерлердің түрлері. Ерекшеліктері. Кемшіліктері.
БИОПОЛИМЕРЛЕР - ерітінділері тірі ағзалардың негізгі құрылымы болып саналатын жоғары молекулалы қосылыс. Биологиялық полимерлер, немесе макромолекулалар, молекулалары көп мәрте қайталанып отыратын буындардан — мономерлерден -құралған жоғары молекулалы (молекулалық массасы 103-109 дальтон) органикалық қосылыстар болып табылады. Биополимерлер молекулалары дифилді. Олар поляр және бейполяр топтардан тұрады.
БИОПОЛИМЕРЛЕР:
1. Ақуыздар
2. Нуклеин қышқылдары
3. Көмірсулар және олардың туындылары
Аралас биополимерлер:
1. липопротеидтер
2. гликопротеидтер
3. липополисахаридтер
1. Ақсылдар
Ақсылдар — көміртегі, сутегі, оттегі және азот, кейде күкірт элементтерінен құралған күрделі органикалық қосылыстар — биополимерлер. Олар әрбір жасуша мен оның цитоплазмасының негізін құрайды, сол себепті өмір текіті болып саналады, ақуызсыз тіршілік тоқтайды. Ақуыз ағза үшін ең маңызды органикалық заттар тобына жатады. Әр ақсылдың өзіне ғана тән құрылымдық ерекшеліктері болады, сондықтан да олар нуклеин қышқылдарымен бірлесе отырып, тірі табиғаттың, түрлік әртектілігінің материалдық негізін құрайды. Ақсыл молекуласы табиғатына байланысты бір-бірімен берік ковалентті азоткөміртегі байланысы — пептидтік байланыс (-СО-N11-), арқылы біріккен 50-1500 амин қышқылдарынан түзілген ұзын тізбектен құралады. Осының нәтижесінде полипептидтік тізбек -ақуыздың бастапқы құрылымы пайда болады. Сонымен, ақуыз молекуласы молекулалық массасы 5-150 мың дальтон не одан да көп полипептид болып табылады. Құрылысына қарай ақсылдар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым ақсылдар тек амин қышқылдарынан құралады, ал күрделі ақсылдар құрамында амин қышқылдарымен қатар нуклеин қышқылдары (нуклепротеиндер), липидтер (липопротеиндер), көмірсулар (гликопротеидтер), болады.
2. Нуклеин қышқылдары
Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) — құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеотидтіқ 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин қышқылдары углеводты-фосфатты қаққасын калайды. Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады. Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін мономерлерінің түріне қарай ДНҚ жәңе РНҚ деп бөлінеді. Тірі организмнің құрамына нуклеин қышқылдарының екі түрі де кіреді. Нуклеин қышқылдары жоғары молекулалы гетерополимерлі қосылыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет