Практикум оқу әдістемелік құрал



Pdf көрінісі
бет60/83
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#94330
түріПрактикум
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   83
Байланысты:
Еңбек құқығы л

 
 
 


52 
1 тапсырма 
 
Кестеге анықтаманы жазу керек немесе анықтамаға сипаттама беру 
қажет: 
 
Еңбек дауы 
Жеке еңбек дауы 
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын 
қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және 
(немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші 
актілерінің талаптарын орындау немесе ӛзгерту 
мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) 
мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) 
арасындағы келіспеушіліктер.
Ұжымдық еңбек даулары 
 
2 тапсырма 
Есеп 1 
Нарбасов «Радуга» дүкенінде сатушы болып қызмет атқарған. Ревизия 
жүргізу барысында 20 мың теңге жетіспеген. Оны қызметкер ӛзінің бұл 
саладағы шеберлігінің жоқтығымен түсіндіреді. Дүкен басшысы ол соманы ӛз 
еркімен тӛлеуді ұсынады. Бірақ, қызметкер ол соманың тек 1/3 бӛлігін ғана 
тӛлеуге келіседі. Сатушы бұл жағдайды жұмыс берушімен толық материалдық 
жауаптылық туралы шарт жасалмағандығымен түсіндіреді.
 
Сатушының әрекеті заңды ма? 
Есеп 2 
Сауда ұйымының сатушылары мен қойма басшыларының кінәсінен тез 
бұзылатын тауарларды (сары май, балмұздақ пен ӛзге де тауарлар) сақтау 
жӛнінде іс шаралар қолданылмаған себепті 250 000 теңге сомасының тауары 
бұзылған. Олардың әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан сауда ұйымына зиян 
келтіргені үшін оларға қылмыстық іс қозғалды. 
Бірақ 
олар 
амнистия 
актісінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Ұйым басшысы 
оларға шығынның орнын толтыру туралы талап арыз берді. Бірақ олар оларға 
қарсы қылмыстық жауаптылықтан босатылғандарына жүгініп, шығынның 
орнын толтыртудан бас тартып отыр. 


53 
 
Қызметкерлердің (сатушылар мен қойма басшысының) әрекеті заңды 
ма? Мәселені заң бойынша шешіңіз. 
Есеп 3 
Такси жүргізушісі Уразов жол апатына ұшырап, соның салдарынан 
қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Екі аптадан кейін тергеуші оның ісіне 
қатысты сот ӛндірісін тоқтатады. Уразовпен толық материалдық жауаптылық 
туралы шарт жасалғандықтан, такси әкімшілігі одан жол апатына байланысты 
кеткен шығындардың орнын толтыру үшін сотқа талап арызын береді.
Талап сомасы мыналарға негізделіп отыр:
1.
автокӛлікті жӛндеуге байланысты шығындар; 
2.
2 күн кӛліктің жӛндеуде тұрған уақытына берілетін табыстың сомасы;
3.
жолаушының ұзақ уақыт еңбекке қабілетсіздігіне байланысты 
тӛленген сома. 
Сот қандай шешім шығаруы қажет? 
Есеп 4 
Сауда үйінің (жеке кәсіпкер) күзетшісі жұмыс орнынан кетіп қалған. 
Күзеттің жоқтығын пайдаланған қылмыскерлер сауда үйінен 115 000 теңгенің 
тауарын ұрлап кеткен. Меншік иесі күзетшіге келтірілген шығынның орнын 
толық кӛлемде қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінеді.
Қалалық сот күзетшінің 50 000 теңге ғана жалақы алатындығымен 
негіздеп, талап сомасының кӛлемін азайтады.
Соттың әрекеті дұрыс па? Нақты істі шешу барысында қандай 
нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет