Мектепте оқуға тұлғалық дайындық,баланың жаңа әлеуметтік жағдайға ұмтылуы- бұл бастауыш мектеп оқушысының көптеген психологиялық ерекшелігінің қалыптасуына негіз және алғышарт болып табылады. Бұл жерде мектеп міндеттеріне деген жауапкершілікті қатынас орнайды, бала ол үшін қызықты нәрсені ғана орындап қоймайды, сондай-ақ кез-келген оқу жұмысын орындауға тырысады.
Оқуға деген қатынасынан басқа, бала үшін мұғалімге деген, құрбыларына, өзіне деген қатынасы маңызды орынға ие. Психикалық дамуы жоғары балаларға құрбылармен кооперативті-жарыстық қатынас тән. Мектепке тұлғалық дайындыққа өзіне деген белгілі бір қатынастың болуы да кіреді. Өнімді оқу-іс-әрекеті баланың өзінің қабілетіне, жұмысының нәтижесіне, мінез-құлқына деген адекватты қатынасын білдіреді. Оқушының өзіндік бағалауы жоғары болмауы керек.