Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет39/40
Дата08.02.2022
өлшемі119,54 Kb.
#119540
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
дәріс Жасерекшелік психологиясы (1)

Жеке дайындық. Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады. Мектепте оқуға дайын оқушы – мектепке қажетті оқу құралдарын түгелдеп ғана қоймай, сондай–ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәрежеде дамыған бала болып табылады.
Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасуы жүйесіне қарай өзінің мінез–құлқын, танымдық іс–әрекетін басқара алуы керек. Сонда ғана оның оқуға деген қызығушылығы пайда болады.
Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай–күйінің даму деңгейін де көрсетеді. Мектепке барар алдында баланың көңіл күйінің көтерінкі болғаны жөн.
Интеллектуалды дайындық. Дайындықтың бұл түрі баланың нақты білімі мен ой–өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды. Сондай–ақ, жалпы ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып, есте сақтай алуы да міндетті.
Әлеуметтік–психологиялық дайындық. Дайындықтың бұл компоненті балада басқа балалармен, мұғаліммен қарым–қатынас жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көздейді. Бала топ болып бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі. Осы кезде балада өзін ортаға бейімдеу қабілеті өте қажет болады. Ол үшін балалармен араласып кетуге, олармен бірге әрекет етуге, олардың қызығушылығына ортақтасуына, оқу процесіндегі түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал ету керек.
Физиологиялық дайындық. Бұл дайындық бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деңгейімен анықталады. Баланың мектепке дайындығын дәрігерлер арнайы өлшемдермен белгілейді. Баланың мектепке оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтау кезінде денсаулық жағдайы басты назарда болуы шарт. өйткені білімді игеруге, оқуға деген қызығушылығы басым блғанымен, денсаулығы сәйкес келмеуі мүмкін. Ондай балалар жай, қатардағы мектептерде оқығаны жөн.
Баланың жүйке жүйесінің дамуында функционалдық және органикалық түрлі аутқулар болуы мүмкін. Оны арнайы дәрігерлер анықтайды.
Оқу жылының басындағы оқу–тәрбие процесінде балаға ерекше салмақ түседі. Жүйелі оқу жұмысы, көлемді ақпарат, орындықта ұзақ отыру, күнделікті күн тәртібінің өзгеруі, мектеп ұжымының ортасы кішкентай мектеп оқушысын ақыл–ойы жағынан да, физиологиялық жағынан да шаршатады.
Әр баланың дамуы түрліше болатынын естен шығармау керек. Олардың жасы биологиялық дамумен сәйкес келе бермейді. Бір бала 6 жаста өзінің дене дамуы жағынан жүйелі оқуға дайын, екінші балаға 7 жаста болса да, оған мектеп бағдарламасы ауыр тиеді.
Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан оқушы статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Балалар өміріндегі бұл шақ көптеген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай. Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жекелік писхикалық қасиеттері жан–жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады. Сондықтан мектеп психологі баланың мектеп талаптарын орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл–ой дамуы, жеке басының қалыптасуы және көңіл–күйін меңгеріп, өзін–өзі ұстауы жағынан мағұлматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала оқушыға айналады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды роль атқарады, дегенмен бастауыш сынып оқушысының өмірінде оның танымдық әрекеті жетекші бола бастайды. Осы әрекеті мінез–құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін интеллектуалдық қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді. Әсіресе баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді.
Балалардың көпшілігі бұған отбасында немесе балабақшада арнайы психологиялық даярлықтан өтеді. Мектепке бала үлкен қуанышпен барады. Өйткені мектептегі бала болашақ үлкендік өмірге даярлықтың бір сатысы ретінде қабылдайды. Баланың бұл ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы, сыныпта мінез–құлық ережелеріне, сыныптас жолдастарымен ерекше қарым–қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауға негіз болады. Бұл талаптарды бала орындамауға болмайтын қағида деп қабылдайды.
Мектепке қабылданған оқушылармен жұмыс атқару үшін психологтың алдына бірнеше міндеттер қойылады:
1. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршауына алып келуі мүмкін. Сондықтан психолог балалардың мектеп талаптарын орындауға көмектесу қажет .
2. Мектеп қойып отырған жаңа талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жіберей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап, сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережеге сай орындап отыру қажет. Баланың бұл міндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдыларды болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберіп қоюы, үй тапсырмасын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алуы мүмкін. Психолог бірінші сыныпқа қабылданған оқушыларды мектеп тәртібіне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізуі керек.
3. Бірінші сынып оқушыларының басым көбі бастан кешіретін қиындықтарының ішінде олардың мұғалімдермен және сыныптас жолдастарымен қарым–қатынас жасауы болып табылады. Психологиялық қызмет көрсету барысында баланың қарым–қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптастыру қажет.
4. Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгерді. Бала үй тапсырмасын орындайтын орыны және уақыты болуы керек, ал ата–аналар өз тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады. Сондықтан, бірінші сынып оқушыларының ата–аналарымен көптеген режимдік жұмыстар, балаларға үй тапсырмасын орындау тәртібін үйрету, баланың жұмыс орнын ұйымдастыру т.с.с. мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу қажет.
Кез–келген көптеген міндеттер гимназия, лицей мектептері статусын алумен байланысты балалардың интеллектуалдық қабілетін анықтау психологқа жүктеледі.
Мектепке келген баланың жеке қабілетін анықтауға арналған әдістердің ішіндегі ең маңыздысы – жеке тұлғаға бағдарланған оқыту болып табылады. Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық бағдарлы оқытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің ерекшелігі мынада:

  • баланың психологиялық қорғану сезімін, қуанышты сезіну мен оның дара дамуын қамтамасыз ету;

  • балалардың денсаулығына кері әсер етеін факторларының алдын алу;

  • баланың мектепке жылдам қалыптасуы қамтамасыз ету;

  • баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау.

Бұл мақсаттарға жету үшін баланың жеке дамуы деңгейі мен оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынандай әдістемелер ұсынылады:

  1. Керн – Йерасектің төрт субтестен тұратын баланың мектепке дайын–дығын бағдарлау тестісі.

Бұл тест үш тапсырмадан тұрады: адам суретін салу, жазбаша әріппен жазылған сөйлемді графикалық көшіру және белгілі кеңістікте орналасқан нүктелерді көшіріп салу.
Бұл тапсырмалар баланың психикалық даму деңгейі туралы жалпы көрінісін, көшіре алу қабілетін анықтайды.

  1. Бірінші сынып оқушысының міндеттері мен құқықтарын анықтау сауалнамасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет