4. Хром пероксокомплексі. Сынауыққа 2 М күкірт қышқылын, 2-3 мл сутек пероксидін, 1-2 мл этил эфирін және бірнеше тамшы калий (VІ) хроматын немесе дихроматын құйыңдар. Түсінің өзгергенін байқап, хром пероксидін алу реакция теңдеуін жазыңдар.
№ 102 жұмыс. Молибден (VІ) қосылыстары
Қажетті құралдар және реактивтер: аммоний молибдатының кристалдары, 10% сілті және қышқыл ерітінділері, 2% аммоний молибдатының ерітіндісі, 10% азот қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, 20% натрий гидроксиді, мырыш.
|
1. Молибден ангидридін алу және оның қасиеттері. Аммоний молибдатының (NH4)6[Mo7О24](4Н2О бірнеше кристалын отбақыраш қақпағына салып, бастапқыда жаймен, одан соң 5000С-да қатты қыздырыңдар. Молибден (VІ) оксидін алу теңдеуін жазыңдар. МоО3 суға, 10%-ті қышқыл және сілті ерітінділеріне әсерін зерттеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |