Қол өңдеудің үш деңгейін ажыратады - Қол өңдеудің үш деңгейін ажыратады
- 1.әлеуметтік
- 2.гигеналық
- 3.хирургиялық болып бөлінеді.
- ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 23.04.2013 жылғы«Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөніндегі әдістемелік бекіту туралы». №111 бұйрығы.
Гигеналық деңгейде қолды өңдеу
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкерлердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйыктықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.
Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сүйық сабынды, 70% этил спиртін, секундтік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей- бұйымдарды шешіңіз.
2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.
3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.
4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-40°С реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.
5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:
- алақанды алақанмен;
- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;
- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусактары арасында;
оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша жэне керісінше;
- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;
- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.
Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.
.
6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Қолыңызды шынтақ деңгейінен жоғары үстаңыз (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады).
7. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.
8. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.
Ескерту:
- қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;
қүрғақ қолдарға 3-5 мл антисептикалық затты жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Қолды тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды - қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып түруы керек;
- тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принңипі сақталады;
- жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.
Өмірде ардақты да құрметті мамандықтар баршылық. Соның бірі – дәрігерлер. Ақ халатты абзал жандардың көмегі мен қамқорлықтарының арқасында ауру жандар сырқатынан айығып, денсаулықтың қадірін түсініп жатады.
Медицинада науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буын қызметкер – мейірбике екенін бәріміз де білеміз. Ия, науқасқа сырқатының салдарын тауып, оның емдеу жолдарын айқындап беруде дәрігер бағыт-бағдар берсе, оның әрі қарай емделіп, пациентке ықыласы мен мейірімін төгіп, олардың көңіл-күйіне әсер ететін медициналық көмек көрсететін ол - мейірбике. Науқастың жай-күйі мейірбикелердің жанкешті еңбектеріне тікелей байланысты. 80% науқастың емін тауып кетуіне септігін тигізетін мейірбикелер десек артық айтпағанымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Мұратбеков С.К. Мейірбике ісі негіздері Астана, 2007ж 2. Санов С. Науқас адамдарды жалпы күту Қарағанды, 2013ж 3. Биназаров Н.Д. Мейірбике ісінің негіздері Алматы, 2004ж 4. Т. П. Обуховец “Сестринское дело практикум”М. 2002ж. 5. Интернет желісі.
Достарыңызбен бөлісу: |