Программалау тілдері туралы



бет12/40
Дата15.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#101004
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
ишпей куатындар ушин. Таратпандар-1
ЛЕКЦИЯ каз, ББЦ(срсп-1), 2 5206453506189301141, ЖБ Математика 4 сынып каз
Сызықтық құрылым бірінен кейін бірі орындалып тізбектеле орналасқан бірнеше операторлардан тұрады.

Тармақты-шартқа байланысты екі оператордың бірінің орындалуы .

Цикл-операторлар бөлігінің бірнеше рет қайталана орындалуы .

Оператор-тілдің қарапайым сөйлемі , ол белгілі бір әрекет немесе амал орындап , « ; » таңбасымен аяқталады.

Негізгі конструкцияларды пайдалану мақсаты – қарапайым құрылымды программалау болып саналады . Мұндай программалар оңай оқылады , түзетіледі және керек болса , оңай өзгертіледі .





Сызықтық , тармақты , циклдік құрылымдар

Программа жұмысын басқару операторларын программаның басқарушы конструкциясы деп атайды. Олар :



  • құрама операторлар ;

  • таңдау операторлары ;

  • Цикл операторлары ;

  • көшу операторы .

Программалауды сәтті меңгеру үшін келесі ережені білу керек : әрбір шаманың ЭЕМ жадысында белгілі бір өз орны болады , кейде ол жады ұяшығы деп аталады . Қазіргі ЭЕМ архитектурасы үшін « ұяшық » термині біраз ескірді , бірақ білім беру мақсатында оны пайдалану ыңғайлы .
Кез - келген шама үш басты қасиетке ие : атауы , мәні және типі. Шама процессордың командалық деңгейінде сақталатын жады ұЯШЫҒЫНЫҢ мекен - жайы арқылы анықталады . Алгоритмдер мен программалау тілдерінде шамалар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді . Тұрақтылар-мәндері өзгермейтін , алгоритмде өзіндік мәні бар шамалар болып табылады , мысалы : 15 , 34.7 , k , True және т.б.

Айнымалы шамалар программаны орындау кезінде өздерінің мәндерін өзгерте алады және символдық атауларымен идентификаторлармен ұсынылады, мысалы : X, S2, cod15 және т.б. Кез - келген тұрақты және айнымалы мәндер жадыда орнын алады және осы шамалардың мәндері осы ұяшықтағы екілік кодпен анықталады.
Енді шамалар типтері-берілгендер типтері-информатика курсындағы мәліметтер қорлары мен электрондық кестелерді оқу барысында кездескен ұғымдар жөнінде баяндаймыз . Бұл ұғым программалаудағы негізгі ұғым болып саналады.

Әрбір программалау тілінің өз тұжырымдамасы және өзіндік берілгендер типтер жүйесі бар . Дегенмен , кез келген тіл кем дегенде негізгі берілгендер типтер жиынтығын қамтиды :бүтін, нақты, логикалық және символдық. Шамалар типтері рұқсат етілген мәндер жиынтығымен, рұқсат етілген операциялар жиынтығымен , ішкі ұсыныс формасымен сипатталады.


Тұрақты типтері мәтін мәнімен анықталады (яғни , мәтіндегі жазылу формасы бойынша ) және айнымалы типтері айнымалылардың сипаттамаларында белгіленеді.

Құрылымы бойынша берілгендер қарапайым және құрылымдық болып бөлінеді . Сонымен қатар, скаляр деп аталатын қарапайым шамалар үшін мынадай тұжырымдама сәйкес келеді: бір шама – бір мән , ал құрылымдық шамалар үшін : бір шама – бірнеше мәндердің жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет