Проприорецепторлар мен ноцирецепторларға және олардың түрлеріне анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз


Рационалды тамақтанудың 3 принципін атаңыз,түсіндірме жасаңыз



бет10/27
Дата15.06.2023
өлшемі67,94 Kb.
#178862
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
3 деңгейдегі ОФД

2313.Рационалды тамақтанудың 3 принципін атаңыз,түсіндірме жасаңыз
Рационалды - бұл адамның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін, денсаулығын жақсартатын және аурулардың алдын алатын диета. Рационалды тамақтану принциптері-энергетикалық тепе-теңдік, тамақтану режимін сақтау және теңдестірілген тамақтану.Рационалды тамақтанудың негізгі принциптері:Тамақтану саны жағынан адекватты, яғни, рационның энергиялық құндылығы ағзаның энергия шығынын өтеп отыруы қажет.
б) Тамақтану сапасы жағынан құнды болуы қажет. Яғни, құрамында ағзаға қажетті барлық тағамдық заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері оптималды мөлшерде болуы қажет.
в) Тамақтану балансталған болуы қажет. Яғни, құрамы, тағамдық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен ара қатынастары олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін оптималды болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық принципі - рационалды тамақтанудың негізгі принципі. Ол тек негізгі тағамдық заттардың, белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералы заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығын түсіндіреді.
г) Тамақтану режимі дұрыс болуы қажет.
д) Тағам әр түрлі, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар, сондай-ақ, жеткілікті мөлшерде клетчатка да болуы қажет.
ж) Тағам залалсыз, әрі органолептикалық қасиеттері адамның тәбетін тартатындай болуы қажет.
2314.Зәр шығару жүйесінің құрылысы,жекелеген органдарының қызметі,жас ерекшелігі мен аурулары туралы мағлұмат жазыңыз
Зәр шығару жүйесіэкскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздардызат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен []азоттық зат алмасу өнімдерін – мочевинаныкреатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.
Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.[1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефритпиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет