Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық



бет85/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

6 жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Бізге өзінің еркімен психологиялық байқампаздығын тексергісі келген бір адам керек».

Жаттықтырушы ерікті адам табылғанша күтеді. Айталық, Асхат атты қатысушы ерікті болсын. «Асхат, есіктің сыртында 1 минут күте тұрсаңыз Асхат бөлмеден шыққаннан кейін, топтың басқа қатысушылар орындықта отырған күйде немесе жалғыз және жұппен тұрып бөлме бойына орналасады. Жаттықтырушы есіктің сыртында күтушіні шақырады.



«Асхат сенің осы бөлмедегілердің кімнің қай жерде орналасқанын есте сақтау үшін 1 минут уақытың бар... Ал одан кейін, сен тағы да есіктің сыртына шығып тұруың қажет болады».

Жаттықтырушы топтың кейбір мүшелерінің (шамамен жартысының) орындарын жылдам ауыстырады, Асхатты шақырады да оған барлығын өз орнындарына қайтаруын ұсынады.

Жаттығуды қатысушылардың 3-4 –і өзінің байқампаздылығын тексеру үшін қайталаған дұрыс болады. Басқа түрі: екі адамға бір мезгілде бақылаушы болуын ұсынуға болады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы ең алдымен бақылаушы болған қатысушыларға: «Сіз қандай қиындықтарға тап болдыңыз?», «Сіз алдыңызға қойылған тапсырманы қалай шештіңіз?» деген сұрақтар қоюға болады.

Бұл жаттығуды біздің жинақтың бірінші тарауындағы 25 жаттығумен қатар өткізуге болады.
7 жаттығу

Топ екіге бөлінеді (егер топтың құрамының саны тақ болса, жаттықтырушы да жаттығуға қатысады) және бір-біріне қарама- қарсы екі қатарға отырады.



Нұсқаулық: «Өздеріңіздің оң және сол жақтағы көршілеріңізге қараңыздар және өз орындарыңызды естеріңізде сақтауға тырысыңыздар. Қазіргі біздің орналасуымызды «бір» санымен белгілейік. Қазір мен «екі» деймін, сол кезде әрқайысымыз өз орнымызды ауыстыруымыз керек. «Екі». Өз көршілеріңізді тағы да есіңізде сақтауға тырысыңыздар. Мен «үш» деп санағанда және «төрт» дегенде жоғарыдағыдай орнымызды ауыстырамыз керек. «Үш». (10-15 секундтық үзілістен кейін) «Төрт».

Ал қазір мен кез- келген санды атаймын және әр сан аталған сайын сол санға сәйкес күйді көрсетуіңіз тиіс».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет