Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары


дәріс. Мәселелік оқыту психологиясы



бет13/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы

6 дәріс. Мәселелік оқыту психологиясы
Бұл тақырыпқа қатысты методикалық көмекті М.М Мазмутованың "Проблемалық оқыту" монографиясынан алуға болады. Тура осындай тақырыппен проблемалық оқытудың теоретигі И.Я.Лернердің брашюрасы бар. Ол екеуі де педагогика ғылымдарының докторы. "Педагогикалық қөзқарас тұрғысынан қарағанда ,- деп жазды И.Я.Лернер ,- бұл сондай оқыту, мұнда барлық қатысушылар жүйелі түрде проблемалық материал мазмұнында проблемалар мен проблемалық жағдайларды шешуге тырысады." Проблемалық оқытуда білім "қатысушыларға дайын күйінде берілмейді ,- деп М.И.Махмутовадан оқимыз ,- бұл проблемалық жағдайлар шарттары арқылы өзіндік танымдық іс-әрекет негізінде жинақталады."
Психологтар А.М. Матюшкин мен Т.В: Кудрявцев осы ойды толықтырады: "Проблемалық оқыту қатысушылардың алдына проблеманы қою арқылы білім меңгерудің белсенділігі жүрмейді дейді. Қазіргі кездегі ойлау психологиясының білімі қатысушылардың алдына мәселені қойып қана қоймай, оларды шешу жолдарын көрсететін жағдайды да жасап береді. "Яғни психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда проблемалық оқытудың ерекшелігі-ол қатысушыға проблемалық проблеманы шешуге ғана қатыстырып қана қоймай, оны осындай проблемаларды ойлаудың психологиялық заңдылықтары негізінде шешуге үйрету болып табылады.
"Ойлау мен оқытудың арасында өте көптеген тығыз байланыстар бар екендігін көрсетіп, авторлар ары қарай: "Олар қоршаған ортаны тануға бағытталған, оны меңгерудің жолдарын игеру, оны меңгерудің жолдарын игеру, (біздің жағдайымызда психологияда шынайы адамдарға -Б.Б.) ең соңында оны өзгертуге, практикаға белсенді енуі мен өмірге енуін көрсетеді. (бұл біздің тақырыбымызда- оқыту практикасынан, тәрбиеден, адамдардың бір-бірімен қарым- қатынасынан көрінеді) Әрине, оқыту процессі ойлау процесіне көңірек жан-жақты. Алайда бұл екі процесс те адам алдындағы теориялық және практикалық проблемалардың шешімін табуға бағытталған іздеуші әрекеті ретінде қарастыруға болады. Процесс те оқыту, ао ойлау процесін жүзеге асыратындықтан оны проблемалық оқыту деп атауға болады.
Мұндай оқытудың теориясында мынандай түсініктер қолданылады: мәселе, мәселелік жағдай, мәселелік міндет, мәселелік сұрақ, мәселелік тапсырма, мәселелік оқытудың принциптері т.б.
Бұл түсініктер қандай мазмұнға ие?
Мәселе - (грек тілінен - problema- міндет, тапсырма) - дайын жауап болмағандықтан, оған жауап табу үшін ізденуді, зерттеуді талап ететін теориялық немесе практикалақ сұрақ. Әдетте адам алдында сұрақ объективті қойылады: қандай да бір жаңа міндет туындап, оны белгілі ("ескі") методтармен шешу мүмкін емес болған жағдайда ғылыми ой әрекетке көшеді. Оқу мақсатында проблемалар білім алушыларға әдейілеп қойылуы мүмкін, яғни оны оқытушы методист, методикалық кітаптың авторы қоюы мүмкін. Оқу проблемасы- практикалық өмірлік проблеманың кейбір моделі, бұл оқушының моделдеу заңымен сәйкес құрылған, онда зерттелуші объектінің қатынасы мен маңызды байланысын, маңызды емес тұстарын абстракциялау арқылы жүзеге асыруы тиіс, немесе керісінше бірнеше маңызды емес моменттерден қатысушы маңыздыларын бөліп алуы тиіс. Соңғы жағдайда оқу мақсаты тура сол проблеманы шешуде өзгереді.
Мәселелік жағдай- бұл субъектінің мәселемен кездесуіндегі психологиялық жағдайы, ол туған қиындықты шешуге көмектесетін жаңа әрекет тәсілдері немесе жаңа білімді игеруді талап ететін практикалық немес танымдық міндетті шешу болып табылады. Мәселелік жағдайда субъективті қажеттілік жаңа білім алуда оқуда тұлғаның танымдық белсенділігін туғызады. Мәселелік жағдай таным субъектісінің пайда болған қиындыққа деген қатынасын көрсетеді, бұл сондай қатынас, мұнда ол оны қалай шешу жолдарын білмейді, бірақ оған іздену керек. Алайда ізденіске қажеттілік қиындықты кездестірушының анық түсіне білгенде ғана туындайды. Мәселелік жағдайға түскен жағдайда, субъект уақыт өткенге дейін бұны тек қиындық ретінде қабылдайды, ал бұны ерекше бір жолмен ғана шешетін мәселе ретінде қарамайды.
Осындай жолмен объективті кедергілер адам алдында мәселелік жағдай ретінде тұруы да, тұрмауы да мүмкін.
Ал негізінен ойлау -субъект мәселелік жағдайды толық түсінген жағдайда ғана "жұмысқа қосылса", оны бірқатар қарама- қайшылықтар ретінде қабылдап, қойылған мақсатқа жетпей, оның шешімін табу мүмкін емес. А.Н.Леонтьев қызықты мысал келтіреді. Мектеп оқушылары -авиамодельдік үйірменің мүшелері және ұшатын авиамодельді қызығушылықпен, ынтамен жасайды. Инструктор ұшу теориясын меңгеруді талап етеді. Алайда бұл жұмысты қаншама икем, тер төге жұмыс істеген авиамоделисттер тобы ұшу теориясына аз қызығушылық танытады; көпшілігі самолет неге ауада ұша алады, "махаббат қарсылығы" дегеніміз не деген сұрақтарға жауап бере алмады. Жұмыстың теориялық жағын түсінуге деген қажетілігін түсіндіретін ешқандай үгіт табыс әкелмеді, тіпті әйгілі авиаәдебиеттерді оқи отырып, балалар одан таза практикалық сипат беретін шектеулі мәлімет қана алады. Неге балалар теорияны меңгермеді? Ол оларды қызықтырмаған себебі, бұл білмеушілік оларға практикалық жұмысты жүргізуге кедергі болған жоқ және оларда ешқандай қиындық туғызған жоқ, яғни оларда мәселелік жағдай болған жоқ.
Ал тапсырманы өзгертіп, авиамоделисттер модельді жасап қана қоймай, оны олардың көмегімен белгілі бір қашықтыққа ұшыру кезінде олар модельдің екі мертге жетпей құлайтынына көз жеткізді. Неге бұл бұлай болды? Белгілеген жерге дейін қалай ұшыруға болады? Мәселелік жағдай пайда болды. Одан шығу жолын іздейді. Енді оқушыларға бұрын елемей келген ұшу теориясы туралы конструктордың консультациясы керек болады.
Инструктор "бұрыш шабуылының" маңыздылығын түсіндірді. Оптималды бұрыш шабуылын қалай таңдау керектігін көрсетіп, ол "сызықтар сызады- векторлар алдыға, жоғары, төмен; бір сызық тар өседі, басқалары төмендейді. Түсінікті: осындай жағдайда самолет міндетті түрде құлайды. Бұл өте қызықты. Жас конструктор түсініп, сызықтар сәйкестігін тапқанда барып, ол самолетке керекті шабуыл бұрышын берді. "Осылай теория білімін білу мәселелік жағдайдан шығуға көмектесіп, алдыға қойылған тапсырма мен мақсатты шешті.
Қиындықты бұлыңғыр түсініп, бірте- бірте мәселелік жағдайға айналуы жиі кездеседі және бұл әрекет субъектісінің бұдан шығу жолында жаңа білім, әрекеттің жаңа тәсілін ойлап табады, яғни бұл тұлғаның танымдық белсенділігін туғызып, ойлауды дамытады. Психологтар ертеден байқап, ойлау әдетте мәселеден немесе сұрақтан, таң қалудан немесе икемсіздіктен, қарама- қайшылықтан туындыйтынын айтқан. Мұндай меселелік жағдай субъектінің ойлау әрекетіне енуімен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет