М айя (үнді) – әлемді иллюзия деп есептейтін ілім
Манас (үнді) – ақыл.
Махат (үнді) – Махат-физикалық денелердің бастамасы, ал буддхи – өзіндік сананың («Мен») негізі болып табылады, өзіндік сана шығармашылығымен дүниенің дамуына септік болады. Махат пен буддхидың өзара байланысы арқылы аханкара (саналы «Мен») қалыптасады.
Миманса (үнді) – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теориямен қатар қарастырылады.
Мин (қытай) – Әлемде бiздiң әмiрiмiз жүрмейтiн күштер бар, сондықтан табысты болу немесе болмауды ойламай, қалай болуы керектiгiне сай iс-әрекет ету керек, яғни «Минаның барын бiлу». «Кiмде кiм Минаның барын бiлмесе, ол «iзгiлiктi қайраткер» бола алмайды (Лунь Юй).
Моизм (мо-цзя) (қытай) – Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.