Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Либретто – музыкалық-драмалық шығармалардың мәтіні. Ол драматургияның  жалпы заңдылықтарына сай жазылады.  ҚАДЫР АҚЫННЫҢ АҚЫЛЫ



Pdf көрінісі
бет55/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

Либретто
– музыкалық-драмалық шығармалардың мәтіні. Ол драматургияның 
жалпы заңдылықтарына сай жазылады. 
ҚАДЫР АҚЫННЫҢ АҚЫЛЫ
Адам тапталмайды, 
Ақылды мақтанбайды.
Өзге болу оңай, 
Өзің болу қиын. 
Жылы сөз естімей, жүрек жібімейді. 
Білектің күші – қара күш. 
Білімнің күші – дара күш. 
Әріптестің табысына ұлы адам ғана қуанады.


195
ҚЫЗЫЛ КІТАП
1
(Поэма)
І
Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған, 
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып, 
Ду-ду етіп
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргеннен-ақ мылтықты
Менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
Аяймын мен анасыз, 
Атасызды.
Аяймын мен құлынсыз, 
Ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың –
Бауырыңа жасаған опасыздық!
Қызыл түлкі даланың көрігі еді.
Жаға болып ол енді «керіледі».
Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ –
Қалпақ емес –
Қақпан боп көрінеді.
Тымырсығы-ай!
Қалада жел еспейді.
Жел есетін бұл жайлау емес дейді.
Анау киім ілгішке көзім түссе, 
Бұғылардың мүйізі елестейді.
Ауылда, өспе, мейлі, сен қалада өспе, 
Анаң сенің, бәрібір,
1
Қазақтың 100 поэмасы /
 
Құрастырушылар: Ж.Аймұхамбет, А.Әлімұлы. – Алматы: Жазу-
шы, 2013. 4-том. – 233–248 беттер.


196
Дала емес пе?!
Терезеге ұстаған анау шілтер
Құсқа құрған торларды салады еске.
Айналайын бұлбұлым, 
Бал таңдайым, 
Саған тор да, 
Қасқырға қақпан дайын.
Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
Өкпелетпеу керек қой қожайынды.
Айта алмайсың халыңды, 
Не жайыңды.
Ұстай беріп айырды
Шошып кетем
Шаншығалы жатқандай дәу жайынды!
Тартып алған аңдардың бір киерін, 
Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін.
Кешіре гөр біздерді, 
Әулие көл!
Кешіре гөр біздерді, 
Қыр киелі!
II
Біздің сайда болатын мия қалың.
Ауылдастар ойлайтын ұя қамын.
Мия сиреп, 
Ұядан құстар безіп, 
Біреу үшін енді мен ұяламын.
Ұяламын қарауға қарлығашқа.
Шиқылдайсың, балапан, қарның аш па?!
Жалтаңдайсың әр Болат, әр Қайратқа, 
Жаутаңдайсың әр Баян, әр Күләшқа.


197
Тәрбиең де жақсы еді, 
Тәлімің де...
Аян бірақ өмірдің мәні кімге?!
Торғай аттың бір кезде, 
Соның үшін
Ұяламын, бауырым, әлі күнге.
Ұяламын қарауға қоңыр қазға.
Толып-ақ тұр бүгінде өмір назға.
Балапанын шұбыртқан қасқалдақтың
Оқтан көрген қорлығы, 
Зәбірі аз ба?!
Ұяламын қарауға шүрегейге.
Құстың бірі туған да, 
Бірі өгей ме?!
Бүгін кептер атқандар
Ертең ердің
Кеудесіне тапанша тіремей ме?!
Ұяламын қарауға егіз құрға.
Қыра берсек қалады неміз қырда?!
Жата берсін шуылдап орман-тоғай, 
Жата берсін малынып теңіз нұрға!
Ұяламын қарауға қырғауылға.
Аңшы деген ат бердік бір қауымға.
Кейбір көлдің орнында шалшық қалды, 
Кейбір талдар айналды сырғауылға.
Ұяламын қарауға шағалаға.
Мылтық ұстап шалқарды жағалама.
Құстың зарын естісе,
Не демекші
Саған ана, мына жер –
Маған Ана?!
Ұяламын аң аулап, бел асқанға.
Түсінбеймін сол үшін таласқанға.


198
Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар, 
Ұяламын қарауға көк аспанға!
III
Арқар атып, 
Қалайша тойламақпын?!
Хабар оқып әртүрлі ойға баттым:
Тегі құрып, 
Тігерге тұяқ қалмай, 
Төзімдері біткен бе хайуанаттың?!
Көрем десең көлге бар, 
Далаға бар.
Жердің де бір уәжі бағаланар.
Аңшы көрсе
Жиналып, 
Төбесіне
Шығарыпты саңғуды шағалалар.
Бітсе керек ойланыс, 
Толғаныстар.
Қауіп қазір ормандар, 
Ну қамыстар.
Қандары әбден қарайып, 
Ашу қысып, 
Адам жеуге көшіпті жолбарыстар.
Әшкерелеп сұмдықты жарық түндер, 
Жасырады қабағы жабық күндер.
Содан бүлік шығарып, 
Кей қонысты
Тып-типыл ғып кетіп жүр алып пілдер.
Бауырлар-ау!
Кесесің неңді қырқып?
Кей орманның орнында қалды бір түп.
Қонатын жер, 


199
Ұшатын аспан аздай, 
Самолетке шабатын болды бүркіт.
Болса болар шаруасы бұрыс кейде, 
Түзетуге оны адам кіріспей ме?!
Туысқанның қолынан өлгеніңше
Өзіңді-өзің өлтірген дұрыс дей ме?!
Амалсыздан...
Көрсетіп батыр қылық, 
Киттерің де шығарды ақыр бүлік:
Өзін-өзі лақтырып ақ қайраңға, 
Өз еркімен өздерін жатыр қырып.
Алсақ солай барлығын майып етіп, 
Тағар бізге Болашақ айып етіп...
Оны ойлайтын ақымақ па?
Той-думанда
Былшылдатып жеп отыр аю етін!..
...Өлгеннен соң күн де жоқ
Шуақ та жоқ.
Өлтіргенде ар да жоқ, 
Ұят та жоқ.
Оңбағанның артында ұрпағы бар, 
Ал мамонттың артында тұяқ та жоқ.
Бәрі-бәрі олардың қырылыпты, 
Біздер мына – бүгінде тірі мықты.
Мамонттарды жоқтауға тиісті адам, 
Жоқтар болса түбінде ірілікті.
Қаншама аңды өлтірдік қамап түзде?!
Сағынады оларды алап күзде.
Қай кезде де
Болуға тиіс енді
Мамонттардың апаты сабақ бізге!


200
Бар тағдырдың тағы да, 
Тағы алары.
Өсті мамық, 
Терінің бағалары.
Мамонттардан дегенмен сүйек қалды, 
Басқалардан белгісіз не қалары?!
Бұдан былай адамдар болмақ па абай?!
Безген бақыт оралып, қонбақ па оңай?!
Тола жатар орыны топастардың, 
Мамонттардың орыны толмақ қалай?!
Осындайда ақында тіл қышыған.
Жатыр талай бүгінде жер құшып аң.
Ал ғаламшар жоқтайды мамонттарын
Айырылған анадай тұңғышынан.
Қырдан безбе, бауырым, 
Нұрдан безбе!
Жылататын жайттар бар жырдан да өзге.
Жиһан қамын жамылып жоқтау керек
Жердің өзі жоғалмай тұрған кезде!
Ойлаймыз деп бір кезде қамын бастың, 
Ей, адамдар, достастың, 
Қауымдастың.
Асын беру мамонттың керек енді
Жылын берген сияқты ауылдастың.
Жылататын жайттар бар жырдан да өзге
Қырдан безбе, бауырым, 
Нұрдан безбе!
Мамонттарды ел болып жоқтау керек
Мамонттарша жоғалмай тұрған кезде.
V
Ойран салған сайғақтың өрісіне
Қауіптірек Сібірдің бөрісінен


201
Кейбіреулер
Сыйлайды саудагерге
Папка жасап ақбөкен терісінен.
…Ми дарымай, біреуге пұл дарыған, 
Аямайды пұлын ол ұлдарынан.
Былғарыға құмар-ақ сол ұлдардың
Қымбат емес кейбірі былғарыдан!
Қариды деп ұяттың өрті бізді, 
Біз, әрине, бұзбаймыз сертімізді.
Аямайды
Аң түгіл өзіңізді
Алу үшін ондатр бөркіңізді!
Аңдар бастан кешкенді –
Дала кешпек.
Тарих мұңын
Ертеңге ала көшпек.
Еліне де, 
Ерге де пайдасы жоқ
Ешкі қыздың үстінде лама бешпент.
Көкпеңбек боп көктемде қыр жайқалды
Бірақ анау мөлдірде кір шайқалды.
Крокодильдің терісі
Кейбір елде
Сөмке боп жүр қолында бір сайқалдың.
Жөні бөлек, әрине, жүйелі істің.
Кейбір завод бірақ та күйе құсты...
Желкілдеген үкі үшін
Қалды адамдар
Жете жаздап түбіне түйеқұстың.
Қиын болған тағдыры бұл құсыңның.
Қоя алады жасырып қылмысын кім?!
Аяғында жатады ақсүйектің


202
Терілері барыстың,
Ілбісіннің.
Азаматтан, 
Ақылды дос ағадан
Не тыңдайды құлағы тосаң адам?
Оған салсаң, 
Кәдімгі аң патшасын
Бөстек күйде көресің босағадан.
Кейбіреулер сұмдықты кәсіп көріп.
Жүр бүгінде базарға тасып тері.
Біздер үшін бұғылар
Сырқыратып
Мүйіздерін келеді кесіп беріп.
Кінәліміз жасымыз, 
Кәріміз де:
Зауал болар аңдардың зары бізге…
VI
Ұстағандай тұтқасын әлдененің, 
Кейбіреудің көрсеңіз дәндегенін?!
Құсты айтасыз, 
Сөз боп па құс дегенің?!
Аңды айтасың, 
Сөз боп па аң дегенің?!
Шүкір! Шүкір!
Сұмдықтан Далам аулақ.
Сол Далада өседі балам аунап.
Бірақ, бірақ 
Кәдімгі осы адамдар
Адам сатқан бір кезде, 
Адам аулап!
Керек еді жазалау әңгілерді, 
Кім тыңдаған ол кезде мән білерді?!


203
Құл сатушы кәззәптар
АҚШ-ына
Торға қамап жеткізген зәңгілерді.
Айдаһарға дауа жоқ жеті басты!
Кейбіреудің одан да ақылы асты.
Адам емес, 
Маймылдың бір түрі деп
Зообақта ұстаған папуасты!
Жіберілген «жігіттер» әскер үшін
Мәз қылам деп Париждің жас перісін, 
Тірідей-ақ
Парикке лайықтап
Үндендердің сыпырған бас терісін...
Тұла бойын тілгілеп сабау-қайғы, 
Қара жердің жотасы алаулайды.
Орта ғасыр өткенмен,
Кейбір елде
Адамдарды, бауырым, әлі аулайды!
Ысқырғанда құлдықтың қамшылары, 
Белгілі ғой кімнен қан тамшылары!
Аңдып жүріп атады
Зәңгілерді
Ку-клукс-кланның аңшылары!..
VII
Мына қыры қазақтың, 
Ана қыры
Қызыл қырман бүгінде, 
Қала бірі.
Қайда кетті, 
Кім маған айтады енді
Атыраудың құланы –
Онагры?!


204
Жер айтады осылай, 
Күн айтады, 
Күн айтады, 
Көңілді мұңайтады.
Ақтөбеде бір кезде піл болғанын
Кім біледі бүгінде?
Кім айтады?!
Айла көп-ті адамда, 
Айла көп-ті.
Айласына талайды айғақ етті.
Қылыш тісті жолбарыс –
Жерлес біздің
Айтыңдаршы, ағайын, 
Қайда кетті?!
Жатыр дейсің Жаратқан кімді ескеріп,
Құртты ма әлде өзара күндес бөрі?!
Ажары еді Даланың, 
Қайда кетті, 
Қайда кетті қазақы жүндес керік?!
Іздеймін мен әр бұта, 
Әр талымды.
Момынымды, 
Тентегім, 
Арқалымды.
Кім қайырып береді кваганы?
Кім қайырып береді тарпаңымды?!
Нысанаға мықтап бір ілінгенге
Тіршілік жоқ...
Дүние бүлінген бе?!
Құмырсқалар құрыса, 
Оның орнын
Толтыруға болмайды піліңмен де!
Қуанышын, 
Қайғысын, 


205
Мұңын көріп, 
Жылжып жатыр осылай күн ілгері.
Мамонт қана емес қой
Опат болған
Жетіп жатыр мамонттың інілері!
Жарқырап-ақ тұрғанда көктем нұры, 
Қасірет пен қайғының жеткен бірі.
Хайуанаттар ғана ма зәбір көрген, 
Хайуанаттар ғана ма кеткен құрып?!
Жер астынан аң табар, 
Балық табар.
Сонда қанша сыр жатыр анықталар?!
Дронт құсап кәдімгі
Ізім-қайым
Жоқ боп кеткен ел де бар, 
Халық та бар!
Кімде кінә, бауырым, 
Кімдерде айып?!
Кімдер одан сорлады, 
Кімдер байып?!
Хайуанаттар түгілі
Дүниеде
Ұлттар ғайып болыпты, 
Тілдер ғайып!
Құлпытастың ежелеп оқыр үстін
Ғұламалар басында отыр істің.
Таңба ғана, 
Тас қана!
Тілі де жоқ, 
Өзі де жоқ бүгінде этрустың!
Бір кездерде шаңдатып айна көкті, 
Төңірегін түгелдей майдан етті.


206
Жер жұтты ма?
Немесе
Көк жұтты ма?
Сол хазарлар бүгінде қайда кетті?!
Білімпаздар сеніммен қағып төсін,
Ұлы десін, 
Кемеңгер халық десін, 
Латындардың өзі де ғайып болған
Қалдырып тек тілі мен әліппесін!
Кейбір халық одан да құр қалыпты.
Мойынға іліп әлі де жүр қамытты.
Бір балықты бір балық қылғытқандай
Қылғытыпты бір халық бір халықты!
Жауыздықтың қадалып сүңгілері, 
Желкеде ойнап мылтықтың дүмбілері, 
Жақын қалды құруға, 
Жоғалуға
Американың үндіні-үнділері!
Жылдар, жылдар...
Бір мезет тоқтамастан, 
Халық қанша шоқ басқан, 
От та басқан?!
Шіркей үшін зар қаққан, ағайын-ау, 
Неге?
Неге?
Соларды жоқтамасқа?!
Неге? Неге сол үшін зарламасқа!
Басқыншыны сөкпеске, 
Қарғамасқа!
Әлде мына өмірде халықтардан, 
Ұлттардан да қымбатты бар ма басқа?!


207
IX
Кетем іштей тітіреп, 
Түршігіп те:
Дүниені төңкерер бір шүріппе!
Жоқтай-тұғын бүгінде хайуанат көп, 
Ойланатын нәрсе көп тіршілікте!
Отыратын кез емес түңіліп құр.
Төзім тауы бор болып үгіліп тұр.
Айналаңа қарашы, 
Адамдарға, 
Өзіңе өзің қарашы үңіліп бір!
Сөз болып па кәрілік, 
Қарттығымыз!
Бізге лайық бір жүкті артты ініміз.
Кеткен жоқ па азайып ерлігіміз?!
Кеткен жоқ па жоғалып мәрттігіміз?!
Талай темір көк тасқа қайырылды, 
Талай Тәңір сенімнен айырылды.
Адамбысың сен өзі мейірімді?
Адамбысың сен өзі қайырымды?!
Тазамысың?
Тірлікке ризамысың?
Түтін толы әлдебір мұржамысың?
Алар жерге келгенде қанағатшыл, 
Берер жерге келгенде мырзамысың?!
Өкпе емес пе осыным, 
Наз емес пе?!
Кейбіреулер барына мәз емес пе?!
Туыс көп те,
Жоқ бірақ туысқандық.
Адам көп те, 
Адамдық аз емес пе?!


208
Қараңызшы үлкенге, 
Кішіңізге:
Орнында ма санамыз?
Күшіміз де?!
Мамонт құсап
Жігіттік
Азаматтық
Қалған жоқ па көміліп ішімізде?!
Жақсылықтың алдында бас иетін
Бабалардың не істейміз өсиетін?!
Жер жоғалтса не болмақ перзенттерің?
Ер жоғалтса не болмақ қасиетің?!
Түгел жыртып, 
Тастақты айдағандай
Отырмын мен, 
Отырмын ойға қанбай:
Адамдығын жоғалтсақ адамдардың
Хайуанатты жоқтаудан пайда қандай?!
X
Одан көріп, 
Ақыры, бұдан көріп, 
Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!
Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен, 
Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!
Әттең, бірақ!
Аспанның бұлты биік
Жаңбыр емес, 
Өтеді сілті құйып, 
Жоқ боп кетті
Әдемі теке мүйіз, 
Айғыр жалды көгілдір жылқы киік!
Қара жерді жылатып, 
Еңіретіп


209
Кетті солай дронттың өмірі өтіп.
Екі ғасыр бұрын біз
Ең ақырғы
Сусиырды өлтірдік мөңіретіп.
Қызыл-жасыл, 
Зер өңді, 
Қалайы түр
Тотылардың музейде талайы тұр.
Адамдардың алдында
Ақырғы рет
Ышқынды да,
Көз жұмды жабайы тур.
Осыны айтсаң, 
Күрсініп, 
Тоқтайды жел.
Өкініштің мылтығын оқтайды шөл.
Солқ-солқ етіп жылайды
Опат болған
Перзенттерін еске алып, 
Жоқтайды жер.
Одан көріп, 
Ақыры, бұдан көріп, 
Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!
Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен, 
Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!
Отыра алмас ұл шыдап, 
Қызың шыдап.
Жоғалғандар тізімі – ұзын шұбақ.
Қызыл кітап –
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
Келеді кез, 
Күрделі біздің бұл кез!


210
Жаутаңдайды адамға түзде мың көз, 
Қызыл кітап –
Опат боп кеткен аңның, 
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
Қашқан кезде адамнан
Ізін қандап, 
Тау ешкісі өтеді құзыңды аңдап.
Қызыл кітап –
Тірі жан тимесін деп, 
Хайуанатқа берілген қызыл мандат.
Баяғыдай көбінің халі бірақ –
Мойындарын үзеді әлі бұрап.
Қызыл кітап –
Бұл өзі қызық кітап:
Тысы жұқа, 
Астары қалыңырақ!
Артық болмас білгенің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет