2.5 Ыстық сумен және маймен қыздыру МАЗ, КрАЗ автокөліктеріне және басқа да ауыр және коммуналды техникаға арналған ЯМЗ-236 және ЯМЗ-238 қозғалтқыштар қандай да аяз болмасын қыздырусыз жеңіл оталдырылады, бұл үшін иіндік білікті 1-2 айналымға айналдыру жеткілікті. Бірақ 10°С төмен температурада картер табандығындағы майды қыздыру керек.
Көбінесе, біздің техникадағы салқындату жүйесі сумен толтырылған. Тұрақта жүйеден суды ағызып алады, ал жұмыс кезінде қайтадан құяды. -10°С аязында салқындату жүйесіне 35...40°С ыстық не болмаса жылы су құю керектігі, ал одан да төмен температураларды ыстық судың көп мөлшерде керектігі бәріне белгілі. Майды алдын-ала қыздырып, салқындату жүйесіне 30...40 л ыстық суды салқындату жүйесінің ашық ағызба крандары арқылы құйылады. Су, салқындату жүйесі арқылы өтіп және крандар арқылы ағып, қозғалтқышты қыздырады. Бұндай қыздырудан кейін жүйенің ағызба крандарын жауып, жүйеге қайтадан ыстық суды құяды. Бұл жағдайда қозғалтқыш жеңіл оталдырылады.