Рабочая программа Форма ф со пгу



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата23.09.2023
өлшемі161,4 Kb.
#182136
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Сөж Алмат, Сөж Алмат
6-тақырып. 
Дарындар – сын додасында
«Қызыл Қазақстан» журналы, «Еңбекші қазақ» газеті,
«Шолпан» мен «Темірқазық» журналдарында Сәкен
шығармаларына жазылған сындар. Олардың мән-
мақсаттары. Республикалық баспасөзде жарияланған
сындар, Москвадағы күншығыс еңбекшілері университеті
студенттерінің «Қазақ әдебиетіндегі орынды һәм орынсыз
сындар» туралы ойлары және оның әдеби сынға жасаған
ықпалы. Әдебиетте жасала бастаған жаңа адам образы –
күрескер бейнесі, оның ұлттық характері, коллективтік бейне
және жеке дара кейіпкер жайындағы айтыс-тартыс. Ақын-
жазушының жаңа сипаты, оның қоғамдық-әлеуметтік
борышы, үгіттік шығармаларының мәні туралы ой-пікірлер.
Мағжанның Ташкент дәуірі - әдебиетіміздің үлкен олжасы.
С.Қожанов алғысөзімен өлеңдер жинағының шығуы және
Күн Шығыс еңбекшілері Н.Төреқұловтың бастауымен талқыға
түсуі. Қазақ әдебиет сынында таптық позицияны күшейту
және Мағжан шығармашылығына жаппай шабуылдың
басталуы. Омбы-Қызылжарда ара-тұра қоғамдық іске
араласып, махаббат лирикаларын мол жазған Мағжанның
Ташкенттегі «Шолпан», «Сана», журналында, «Ақ жол»
газетінде жарияланған шығармаларында романтикалық
арнаның негізін қалау жайы. Ж.Аймауытовтың мақала-
баяндамасының мағжантанудағы орны. «Тоқсанның тобын»
жазғандағы Мағжанның көңіл-күйі, оны Кеңес әдебиетіне
жақындатқысы келмегендердің арандатқыш іс-әрекеттері.
Сыни ойдың ұнамды өріс таппауы - әдебиетке зиян. Мұхтар
Әуезовтің сыншыл реализм аясында жазған шығармалары.
Қазақ әдебиетіне европалық мәдениетпен (С.Мұқанов) келу


жайы. Дарын ерекшелігіне мән бермеу, қисынсыз
социологияға салынудың қиястығы. Қазақ әдебиет сынының
жанрлық келбетінің қалыптаса бастауына Сәкен, Мағжан,
Мұхтар шығармаларына жазылған сындардың ықпалы.
Сыншы кім, оның атқарар міндеті не, творчестволық
тұлғасына қандай талап қойылмақ, субъективті және
объективті сындардың ролі туралы пікірлердің сарапқа
салынуы – эстетикалық ойдың қалыптасу процесінің
қарлығашы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет