Рабочие программы по дисциплине


СӨЖ мен СОӨЖ бойынша тапсырма



бет8/8
Дата09.05.2020
өлшемі213 Kb.
#66841
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Силлабус
Силлабус
СӨЖ мен СОӨЖ бойынша тапсырма

№№

п.п.


Тақырып атауы

СӨЖ мен СОӨЖ үшін тапсырма мазмұны

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі апта бойынша

1

Әлеуметтік жұмыс білім саласы ретінде

Әлеуметтік жұмыс мәнін ашу Конспект.

Конспект, талдау

1 апта

2

Тұлға мәселелерінің түрлері

Сөздікпен жұмыс.

схема-конспектісі

2 апта

3

Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні мен мазмұны

Отбасымен әлеуметтік жұмыстағы психологиялық практика

Конспект

3 апта

5

Жастармен әлеуметтік жұмыстың мазмұны

Жастармен «әлеуметтәк жұмыстағы әлеуметтік қызметкер рөлі.

Салыстырмалы кесте

4 апта

6

Әлеуметтік диагностика

Әлеуметтік мәселеге қатысты психологиялық әдістеме жүргізу, талдау.

Конспект

5 апта

7

Әлеуметтік кеңес беру


Тақырып бойынша пікірталас.

Талдау жазу.

6 апта

8

Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік алдын-алу шаралары

Кез-келген әлеуметтік мәслеге қатысты әлеуметтік алдын-алу шарасын ұйысдастыру.

Жазбаша

жасау


7 апта

9

Әлеуметтік терапия және оны жүзеге асыру әдістері

Әлеуметтік мәселені шешуде психологиялық терапия бағыттарын қолдану мазмұнын айқындау.

Ауызша тап

сыру


8 апта

10

Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік бейімделу

Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік бейімделудегі психологиялық әдістер мәнін ашу.

Реферат

9 апта

11

Әлеуметтік жұмыстағы психотехнологиялар


Сөздікпен жұмыс.

Ауызша тапсыру

10-11 апта

12

Балалармен әлеуметтік жұмыс

Балалармен әлеуметтік жұмыста психологиялық әсер ету әдістерін анықтау.

Талдау

12-13 апта

13

Қарттармен және жалғыз басты адамдармен әлеуметтік жұмыс.

Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық практика тиіділігін айқындау.

Жазбаша

14-15 апта










70 сағат




Барлық сұрақтар бойынша кеңес беру ағымдағы семестр бойынша СОӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

9. Ұпай қою саясаты

Бірінші және екінші рейтинг ағымдық үлгерімін анықтаудағы ұпайларын үлестіру


Жұмыс түрі


Баға (max балл)

1

Конспект жасау,

100

2

Реферат жазу

100

3

Баяндама

100

Барлығы


Sn= O1+ O2 +…+ On

O1- ТАПСЫРМАНЫҢ 1ТҮРІ БОЙЫНША БАҒА

On - ТАПСЫРМАНЫҢ 2 ТҮРІ БОЙЫНША БАҒА

S1 – 1 РЕЙТИНГ БОЙЫНША БАРЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ БАҒАЛАРЫНЫҢ ҚОСЫНДЫСЫ



n - 1 РЕЙТИНГ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ

  • 300

Рейтинг 1

P1 = - (1 рейтингті есептеуге арналған формула)

1

Конспект жасау,

100

2

Ауызша талдау

100

3

Баяндама

100

4

Реферат қорғау

100

Барлығы


Sm= O1+ O2 +…+ Om

O1- ТАПСЫРМАНЫҢ 1ТҮРІ БОЙЫНША БАҒА

Om- ТАПСЫРМАНЫҢ 2 ТҮРІ БОЙЫНША БАҒА

Sm – 2 РЕЙТИНГ БОЙЫНША БАРЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ БАҒАЛАРЫНЫҢ ҚОСЫНДЫСЫ



m - 2 РЕЙТИНГ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ

  • 400

Рейтинг 2

P2 = - (2 рейтингті есептеуге арналған формула)

Емтихан

  • 100

Қорытынды бағаны есептеуге арналған формула:



Oқорыт.=

Пәнді оқып үйрену барлық өтілген материалды қамтитын, әр түрлі үлгідегі(жазбаша немесе ауызша емтихан, тестілеу) емтихан тапсырумен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмалардың орындалуы болып табылады.

Әрбір тапсырма 0-100 ұпаймен бағаланады.

Ағымдағы сабақтарда орындалған барлық тапсырмалардың арифметикалық ортасынан рейтингке кіру рұқсаты шығарылады (сабаққа қатысу, үй тапсырмалары, БӨЖ бойынша тапсырмалары, іс-тәжірибе және басқадай тапсырмалар мен межелік бақылаулар бойынша).

Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған(барлық практикалық(семинар, зертханалық) жұмыстар мен БӨЖ, БОӨЖ тапсырмаларын орындап тапсырған), рейтингке кіру рұқсатын алған (50 ұпайдан кем емес) студенттер ғана жіберіледі.

Әр пән бойынша(сонымен қатар, қорытынды бақылау МЕ түріндегі пәндер бойынша) студенттің оқу жетістігінің деңгейі сабаққа қатысуымен ескеріліп, рейтингтік бақылау және емтихан бағалары қосылған қорытынды бағамен анықталады(формуланы қараңыз).

Қ=+ҚБ*0,4; (мұндағы n1,n2 – сабаққа қатысу, p1, p2 – межелік бақылаулар).

Егер білім алушының рейтингке рұқсаты, сонымен бірге қорытынды бақылау бойынша дұрыс бағалары болған жағдайда ғана пән бойынша қорытынды бағалары есептелінеді. Қорытынды бақылауға себепсіз келмей қалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен теңеседі.


Пән бойынша аралық аттестация мен емтихан нәтижесі студенттерге дәл сол өткізілген күні немесе, егер жазбаша емтихан сол күннің екінші жартысында өткізілсе, онда келесі күні айтылып жеткізіледі.

Білім алушының білімі нақты болу үшін қорытынды бағаны есептеу межелік бақылау мен қорытынды емтихан кезінде 0 ден 100% пайызға дейін бағаланады.

Рейтингтік бақылау бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылау бағасының қосындысы болады.

Баға қою шкаласы:



Әріптік жүйе бойынша баға

Ұпайдың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлік жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


10. Оқытушы талабы, саясаты мен тәртібі

Білім алушының барлық аудиториялық сабақтарға кешікпей, сабаққа қатысуы міндетті болып табылады. Сабақтан қалған жағдайда деканатта тағайындалған тәртіппен өтелінеді.

Берілген курстың студенттер контингентіне кірмейтін бөгде адамдардың дәріске қатысуына тыйым салынады.

Жұмысты көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі емтихан сессиясына 3 күн қалғанға дейін беріледі.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау мен өтілген материалды өтеу міндетті. Оқу материалының меңгерілу дәрежесі жазбаша жұмыстармен немесе тестпен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын(БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:

- бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;

- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.

Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;

- студенттердің үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.

Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;

- студенттердің төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
Емтихан сұрақтары.

1. «Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық практика» курсының пәні және міндеттері

3. Әлеуметтік жұмыстың негізгі түсініктері мен категориясы

4. Әлеуметтік жұмыс мәні, қызметі және құрылымы.

5. Әлеуметтік жұмыс қағидалары мен заңдылықтары

6. Әлеуметтік жұмыс деңгейі

7. Әлеуметтік жұмыстың ғылыми танымдағы формалары мен әдістері

8. Әлеуметтік диагностика; мақсаты, кезеңдері және қолдану тәсілдері

9. Әлеуметтік диагностика мәні және сипаттамасы

10. Әлеуметтік диагностика әлеуметтік жұмыстағы маңызды бағыт ретінде

11. Әлеуметтік диагноз мәні. Әлеуметтік объектіні диагностикадан өткізу мақсаты

12. Диагностиканың әлеуметтік –этикалық талаптары.

13. Әлеуметтік диагностика технологиялараның құрылымы.

14. Әлеуметтік жұмыстағы кеңес беру технологиясы.

15. Кеңес беру әлеуметтік міндеттерді шешудегі технологиялық тәсіл ретінде.

16. Әлеуметтік жұмыс практикасындағы кеңес беру типтері: жалпы, арнайы, оқытушы, келісім шарт негізінде

17. Әлеуметтік жұмыстағы кеңес беру қызметі

18. Кеңес беру әлеуметтік жұмыстың түрі ретінде.

19. Әлеуметтік жұмыстағы кеңес беруді жүргізудің негізгі принциптері.

20. Қарт адамдармен жұмыс істеу технологиясы

21. 60 жастан асқан адамдардың психосоматикалық ерекшеліктері

22. Қарт адамдармен жұмыс істеу әдістері мен формалары

23. Отбасына әлеуметтік – педагогикалық көмек

24. Мектептегі әлеуметтік жұмыс. Мектептегі әлеуметтік жұмыс әдістері, формалары және ерекшеліктері.

25. Мектептегі психологиялық қызмет

26. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби ерекшеліктері.

27. Әлеуметтік жұмысшының кәсіби «Мен» – концепциясы

28. Әлеуметтік жұмысшы мен клиенттің өзара қатынасының негізгі мақсаты

29. Жастармен әлеуметтік жұмыстың мазмұны

30. Балалармен әлеуметтік жұмыс

31. Әлеуметтік жұмыстағы психотехнологиялар



12. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Майерс Д., Туенж Ж. Әлеуметтік психология. 12 – басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 648 бет.

  2. Шульц Д.П., Шульц С.Э. Қазіргі психология тарихы. 11 - басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 448 бет.

  3. Аронсон Эллиот. Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе. 11 - басылым. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 ж. – 408 бет.

  4. Сулекеев Д. Қ. Әлеуметтік психология : саясаттану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы / Д. Қ. Сулекеев. – Павлодар : Кереку, 2015. – 89 б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д.Павленок. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ИНФРА - М, 2014. - 395С. - (Серия "Высшее образование").

  2. Основы социальной работы: Учеб. пособие для нач. проф. образования / Е.В. Ханжина. - М.: издательский центр "Академия", 2013. - 144с.

  3. Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной работы: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2012. - 432с.

  4. Социальные технологии: Толковый словарь / Отв. ред. В.Н. Иванов. - Москва-Белгород: Луч - Центр социальных технологий, 2014. - 309с.

  5. Тетерский С.В., Введение в социальную работу: Учебное пособие. - М.: Академический Проект, 2015. - 496с

  6. Социальная работа: теория и практика: Учеб. пособие /Отв. ред. д.и.н., проф. Е.А.Холостова, д.и.н., проф. А.С. Сорвина. - М: ИНФРА - М, 2014. - 427с. - (Серия "Высшее образование").

  7. Бороздина Г. В. Психология делового общения. М., 2015.

  8. . Гришина Н. В. Психология конфликта. – СПб.: Питер, 2015.

  9. Майерс Д. Социальная психология. СПб., 2014.

  10. Меньщикова А. Л. Социально-психологические особенности конфликтной ситуации (конфликт, его структура, причины и пути преодоления). СПб., 2015.

  11. Парыгин Б. Д. Социально-психологический климат коллектива: Пути и методы изучения. Л., 2014.

  12. Практикум по социально-психологическому тренингу. // Под ред. Б.Д.Парыгина. Изд-е третье, испр. и доп. – СПб.: Изд-во Михайлова, 2015 г. – 352 с.

  13. Практическая психология: Учебник / Под ред. М. К. Тутушкиной. М.; СПб., 2015.

  14. Психология управления: Курс лекций /Под ред. М. В. Удальцовой. М.; Новосибирск, 2015.

  15. Скотт Дж. Г. Способы разрешения конфликтов. Киев, 2015.

Интернет-көздері


  1. http://www.igat.ru /

  2. http://www.neformalno.ru /

  3. http://www.psyedu.ru / main.php

  4. http://psyinst.ru /

  5. http://strannik.kds.ru /

  6. http://mdppu.ru /




ШҚМУ Е Ф 027-13-03



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет