Құрамы Қан сарғылттау келген сұйық зат плазмадан және оның ішінде жүзіп


Қан тамыры тонусының гуморальдық реттелуі



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата10.11.2022
өлшемі360,59 Kb.
#157420
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
2-рк физиология

26.Қан тамыры тонусының гуморальдық реттелуі

Қан тамырына гуморалдық әсерлер
Белгілі бір тамырдың жүйкесін түгелдей кесіп тастаса тамырдың тонусы 
жойылмайды . Жүйкесі жойылғаннан кейін сақталып қалған тамырдың 
тонусы қан тамырының негізгі не қалдық тонусы деп аталады. Қан арқылы 
әсер ететін гуморалдық заттарға гормондар , медиаторлар , 
метаболиттер жатады . Олар қантамырларын тарылтып , қысымын 
жоғарылататын гипертензивті заттар , ал қантамырларын кеңейтіп 
қысымын томендететін - гипетативті заттар болып екі топқа бөлінеді . 
Вазоконстрикторлар : Адреналин тамыр тонусына әсері рецепторлардың 
түріне байланысты : кейбіреуі каңқа еттерінін артериолалары тарылады , 
кейбіреуі кантамырларын кецейтеді . Адреналиннің әсері копке созылмайды , 
кейде 4-5 минуттан аспайды . Вазопрессин қалыпты молшерде 
қантамырларына әсер ете алмайды , әсер ету үшін оны қандағы деңгейін 


жоғарылату керек . Бұл артериолаларды тарылтады . Вазопрессин әсіресе 
қан қысымы төмендеген кезде көбірек болінеді . Қан қысымының жоғарылау 
се бебі қантамырларынын тарылуына ғана емес , сондай - ақ денедегі су 
қоры сақталып , қан көлемінің артуына байланысты . Ангиотензин әсері 
адреналиннен 50 есе күшті . Ол қан тамырын қатты тарылтады және 
норадреналин медиаторының болінуін жеңілдетеді , бүйректе альдостерон 
гормонының түзілуін үдетеді . Вазодилататорлар адреналинге қарсы әсер 
етеді : қантамырларын әсіресе артериолаларды кеңейтеді . Ацетилхолин 
парасимпатикалық жүйке үшынан болініп шығатын медиатор , артерия 
мен венаны кеңейтеді . Гистаминнің ішкі ағзаларға , жүрек тамыр ларына 
деген әсері күшті . Оның әсерінен қан қысымы төмендейді . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет