Құрамы және құрылымы. Компьютердің арифметикалық негізі. Санау жүйелері


Алғашқы қалыпты (форманы) даярлау



бет158/167
Дата24.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#133037
түріҚұрамы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   167
Байланысты:
Информатика зертхене 2014

Алғашқы қалыпты (форманы) даярлау

  1. Microsoft Access программасын қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәлеметтер базасын ашу ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Оқырмандар кестесін ашыңыз.

  4. Ол кестеге келесі өрістерді қосыңыздар:

  5. өріс атауы өріс типі

    1. Туған жылы мерзім\уақыты

    2. Мекен-жайы мәтіндік

    3. Телефоны мәтіндік

    4. Білімі мәтіндік

  6. Жаңа өрістерге қажетті жазба мөлшерін енгізіңіз.

  7. Access-тің қажетті терезесіне қайта оралыңыз. Кестелер тізімінен Оқырмандар кестесін ерекшелеңіз де, аспаптар панеліндегі Жаңа объект (Новый объект) батырмасын басыңыз. Тізімінен Автоқалып (Автоформа) объектісін таңдап алыңыз. Нәтижесінде автоматты түрде құрылған және енгізу үшін ашулы тұрған қалып аламыз.

  8. Қалыпты конструктор режимінде ашыңыз. Бағасы басқару элементтерін ерекшелеп алып өшіріп, тастаңыз.

  9. Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Кітаптың нөмірі, Туған жылы, мекен-жайы, Телефоны, Білімі басқару элементтерін жаңа орынға орналастырыңыз.

  10. Файл-Сақтау (Файл-Сохранить) командасын орындап немесе Қалыптар конструкторы аспаптар панеліндегі Сақтау (Сохранить) батырмасын басыңыз.

  11. Пайда болған Сақтау(Сохранить ) сұхбат терезесіндегі Қалыптың атын енгізу өрісіне қалыптың атын Оқырманның кітапшасы деп көрсетіңіз. ОК батырмасын басыңыз.

  12. Қалыптар (Формы) терезесін жабыңыз

  13. Қалыптар тізімін алу үшін Мәліметтер базасы (База Данных) терезесіндегі Қалыптар (Формы) таңбашасын шертіңіз. Осы тізімде Оқырманның кітапшасы деген бірінші қалып пайда болады.

  14. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Тапсырма 1



  1. МБ терезесінің Форма парақшасына кіріңіз.

  2. Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.

  3. Формаға аспаптар тақтасындағы Жазба (Надпись) батырмасының көмегімен мәтін орналастырыңыз (мысалы, “Бағдарлама кешенін жасаған 10-шы сынып оқушысы Ахметов К.”).

  4. Жанама меню көмегімен форманың фон түсін өзгертіңіз.

  5. Формаға орналастырған мәтін үшін оның қарпін, қаріп мөлшерін, қоюлығын, мәтін түсін, фон түсін қалауыңызша тағайындаңыз.

  6. Формаға форманы жабатын “Шығу” батырмасын орналастырыңыз .

  7. Жасаған форманы сақтаңыз.

  8. Формалармен көру режимінде жұмыс жасаңыз.

Тапсырма 2



  1. МБ терезесінің Форма парақшасына кіріңіз.

  2. Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.

  3. Формаға бағдарламалық жабдық жайлы мәтін орналастырып, “Шығу” және “Автор жайлы” деген екі батырма жасаңыз. “Автор жайлы“ батырмасы жаңа форманы ашу керек.

  4. Форманы және формадағы объектілерді қалауыңызша редакциялаңыз.

  5. Форма жасаушы жайлы мәліметтері және “Шығу” батырмасы бар форма жасап, оны редакциялаңыз.

  6. Формалармен көру режимінде жұмыс жасаңыз.

Тапсырма3



  1. МБ терезесінің Форма парақшасына кіріп, Жасау (Создать) батырмасына шертіп Форма шебері (Мастер форм) режимін таңдаңыз.

  2. Жасалған кестелердің бірінің негізінде берілген сұхбаттарды пайдаланып форма жасаңыз.

  3. Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.

  4. Форманы Конструктор режимінде редакциялаңыз.

  5. Форманы сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.

  6. Форманың түрін өзгертіңіз. Сұхбат терезесінің 2-ші қадамында: Бір бағаналық, Таспалық, Кестелік, Тураланған түрлерінің барлығын кезекпен таңдап, оларды жеке форма түрінде сақтаңыз.

  7. Форманы Конструктор режимінде редакциялаңыз.

  8. Формаларды сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.

Тапсырма 4



  1. МБ терезесінің Форма парақшасына кіріп, Жасау (Создать) батырмасына шертіп Автоформа: бір бағаналық (в столбец) режимін таңдаңыз.

  2. Өзіңіздің бір кестеңіздің негізінде форма жасаңыз.

  3. Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.

  4. Форманы Конструктора режимінде редакциялаңыз.

  5. Форманы сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.

  6. Осы тәсілмен Автоформа режимінде: таспалық және кестелік форма түрлерін жасаңыз.

  7. Форманы Конструктора режимінде редакциялаңыз.

  8. Формаларды сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.

Тапсырма 5



  1. МБ терезесінің Форма парақшасына кіріп, Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.

  2. Өзіңіздің бір кестеңіздің негізінде бірнеше өрістерден тұратын форма жасаңыз.

  3. Әр өріс үшін жазба жасаңыз (надпись).

  4. Форманы және ондағы объектлердің қасиеттерін өзгертіп қалауыңызша редакциялаңыз.

  5. Формада “Жазбалармен қозғалу” категориясынан: Бірінші жазба, Соңғы жазба, Келесі жазба, Алдыңғы жазба батырмаларын жасаңыз.

  6. Форманы сақтап, мәліметтер базасының жазбаларын қозғалу (навигация) батырмаларының көмегімен қарап шығыңыз.

Тапсырма 6



  1. МБ терезесінің Форма парақшасына кіріп, Жасау (Создать) батырмасына шертіп Конструктор режимін таңдаңыз.

  2. Түр – Тақырып – Форма ескертпесі (Вид – Заголовок – Примечание формы) командаларын орындап, тақырып аймағын жасап, ол жерге жазба орналастырыңыз

  3. Формаға бірнеше батырма орналастырыңыз, мысалы, бірінші жазбаға ауысу, форма ашу, форманы жабу, жазба қосу.

  4. Форманы және ондағы объектлердің қасиеттерін өзгертіп қалауыңызша редакциялаңыз.

  5. Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет