Құрамы және құрылымы. Компьютердің арифметикалық негізі. Санау жүйелері



бет162/167
Дата24.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#133037
түріҚұрамы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   167
Байланысты:
Информатика зертхене 2014

Параметрлі сұраныс құру
Сұрыптау шарты қалай жүмыс істейтінін біз жоғарыда қарастырдық, бірақ оның өзіндік кемшіліктері бар. Мәліметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған сұраныстармен жұмыс істейді. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 тенгеден арзан кітаптарды іріктеп алатын сұраныс даярласа, оны қолданушы бағасы 100 тенгеден арзан кітаптарды іріктей алмайды, өйткені ондай сұраныс жоқ.
Параметрлі сұраныс қолданушыға мәліметтерді сұрыптаудың критериін өзі енгізуге мүмкіншілік туғызады.
Кітаптарды іріктегенде сұранысты іске қосқаннан кейін ақырғы бағаны қолданушының өзі енгізетіндей сұраныс даярлайық.
1. Microsoft Acceess программасын іске қосыңыз.
Miсrosoft Access терезесінде мәліметтер базасын ашу (открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұраныс құру таңбашасына екі рет шертсеңіз, үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады.
Оқулықтар кестесіне негізделген, келесі өрістерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыздар:
кітаптың аты мәтіндік
кітаптың авторы мәтіндік
бағасы мәтіндік
баспасы мәтіндік
2. Сұранысты іске қосқанда қолданушы қажетті мәнді енгізетін хабар ала алатындай етіп Бағасы өрісінің Сұрыптау шарты (условия отбора) жолын толтыру кажет..
Қолданушының назарыны арналған мәтін тік жақшаға алынуы қажет.
Егер біз бағалары 400 ден қымбат кітаптарды іріктеп алғымыз келсе > 400 деп жазар едік. Егер бағасы100 тенгеден арзан кітаптар қажет болса, онда < 100 деп енгізер едік. Бірақ біз бағаны таңдау мүмкіндігін қолданушының өзіне берсек, онда < [ең жоғарғы бағаны енгіз] деп жазуымыз қажет.
3. Сұраныс (запросы) терезесін жабыңыз. Жабу кезінде оны Оқулықтарды таңдау деген тапен сақтап қойыңыз.
4. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз және Кітаптарды таңдау сұранысын іске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдің мәнін енгіз (В ведите значение параметра) деген жазуы бар терезе ашылады.
5. Өзіңіз қалаған мәнді енгізіп, ОК батырмасын басыңыз.
Оұулықтар кестесіндегі енгізілген мәтіндерге байланысты сұраныстың нәтижесі – қорытынды кесте алынады.
6. Мәліметтер базасының барлық объектілерін жабыңыз. Miсrosoft Access программасын жабыңыз.
Тапсырма 1

  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.

  2. Сұраныс құратын кесте таңдап, керекті өрістердің барлығын көрсету.

  3. Кез келген бір сандық өріске ІN операторын қолданып, Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізу, мысалы, IN (50, 100, 150). Өрнектерді құру кезінде Құрастырушыны (Построитель) қолдану.

  4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  5. IN операторының көмегімен жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.

  6. Бірнеше кестелерді байланыстырып, тағы да осындай сұраныс жасау.

Тапсырма 2



  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.

  2. Сұраныс құруға кесте таңдау және керекті өрістердің барлығын белгілеу.

  3. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  4. Есептелінетін өрісті өзгерте отырып және бірнеше өзара байланысқан кестелерді пайдаланып, осындай әрекеттердің бірнешеуін орындау.

Тапсырма 3



  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.

  2. Сұраныс құратын кесте таңдап, керекті өрістердің барлығын көрсету.

  3. Кестеден жазбаларды таңдау критерийлерін жұмыс барысында тұтынушының өзі сұхбаттасу терезесінде енгізетіндей етіп, сұраныс құру.

  4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  5. Критерий енгізілетін өрісті өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап шығу.

  6. Өзара байланысқан бірнеше кестелерді пайдалана отырып, жазбаларды таңдау критерийлерін тікелей енгізу әрекеттерін қайталап орындап шығу.

Тапсырма 4



  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Айқасқан сұраныс (Перекрестный запрос) режимін таңдау.

  2. Кез келген бір екі өрісінде қайталанып келетін мәндері бар кестелерді таңдау (мысалы, Маркасы, Түсі өрістері).

  3. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  4. Егер сұхбаттасудың 4-қадамында “Әрбір қатарға қорытынды мән есептеу керек пе? Иә” жалаушасы белгіленген болса, онда сұраныстан алынған мәліметтерде “Қорытынды мән” графасы болады. Осы жалаушаны іске қосып немесе алып тастай отырып, айқасқан сұраныстар жасау процесін бірнеше рет қайталау қажет. Сонымен қатар есептеу түрін де өзгерту қажет, мысалы, жалпы қосынды емес, орташа мәнді, максимумды, минимумды, т.б. есептеу керек.

  5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  6. Есептеудің бірнеше түрлерін қолданып, осы әрекеттерді басқа кестелер үшін де орындау керек.

Тапсырма 5



  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасында­ғы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Бағынышты емес жазбалар (Записи без подчинения) режиміне кіру.

  2. Осы сұранысты құру кезінде қандай кестелермен жұмыс істеу керектігін, оның қайсысы негізгі, қайсысы бағынышты екендігін анықтау керек.

  3. Әр түрлі кестелер үшін бірнеше рет сұраныстар жасау.

  4. Алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеріп, керек болған жағдайда кестелердегі мәліметтерді түзету қажет.

Тапсырма 6



  1. Мәліметтер базасы терезесіндегі Сұраныстар (Запросы) парақшасына кіру.

  2. Сұраныс (Запрос) менюін және саймандар тақтасының батырмаларын қолдана отырып, кез келген бір кестеге сұраныс құру.

  3. Сұраныс (Запрос) менюінің барлық мүмкіндіктерін зерттеп шығу.

  4. Сұраныстарды құру кезінде қолданылатын саймандар тақтасындағы батыр­ма­лардың мүмкіндіктерімен танысып шығу.

  5. Сұраныстарды сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет