а) Әріптерді тастамай, түгел оқу; ә) әріптердің орнын ауыстырмау б)артық әpin қоспау; в) басқа әpinneн алмастырмау; г) тыныс белгісіне мән беріп оқу; ғ) түсініп оқу. Бұл қателердің сипаты бірыңғай емес. Бірінші кезеңдегі (буындык ) қателіктер әріптердің бейнесін дұрыс түсінбеуден болады. Бұны оңай aңғаруға болады. Сондықтан, дыбысты меңгерту барысында әр баланың дыбысты дұрыс қабылдауына жете назар аудару керек. Оқушының оқу дағдысы тек мынандай жағдайда ғанa алға жылжиды. Біріншіден, дыбыстың дұрыс дыбысталуы, екіншіден буынға дұрыс бөліп оқуы. Бала оқу барысында буындап оқудан бастап, буын + буын, сөз + буынмен оқып жаттығады. Алғашында кейбір қысқа сөздерді тұтас, күрделі сөздерді буынға бөліп оқиды. Бала дұрыс, қатесіз, түсініп оқыған сайын, оның оқуға деген құлшынысы күшейе түседі. Жалпы оқу барысында баланың оқыған сөзді түсініп оқуы үлкен маңыз атқарады.Оқу турлерін салыстырып қарайтын болсақ, түсініп оқу алдыңғы орында тұрады. Оқу – сөйлемнің мазмұнын түсініп, ақпарат қабылдау үшін қажет. Оқыту барысында осыған көп көңіл аударылады. «Оқы, не түсіндің?» - деп сұралады. Бала сөздің мағынасын түсінгенше қайталап оқыту жүзеге асады. Бұндай оқу барысында оқушының оқу жылдамдығы төмендейді. Минутына бағдарлама талабындағыдай сөз көлемін оқып берген бала одан еш нәрсе түсінбесе, одан тапқан пайдамыз қайсы? Сондыктан баланың оқу шапшаңдығы мен түcіну шапшаңдығын қатар дамыту керек. Мәнерлеп оқу - көркем сөздің үлгісі. Ол адам ceзімін оятып, кісінің жан дуниесіне әсер етеді. Ондағы дауыс құбылысы - бейнелі сөздің әcepi, мимика, қозғалыс, тағы басқалардың бірлігі мәтін мазмұнын аша түседі. Мәнерлеп оқуға қойылатын бағдарламалық талаптар төмендегідей: әуенді - сазды ерекшеліктерді сақтап оқу , сөз екпінін дұрыс қойып оқу; ой екпінін дұрыс қойып оқу; кейіпкердің көңіл - күйін сезіне оқу.
ІV бөлім
Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер
Оқу шапшаңдығын тежейтін себептер өте көп, олардың ішінен негізгі 7 кедергіні атап өту орынды.
1. 1с-әрекеттің табиғи қарқыны.
2. Регресс.
3. Антиципация.
4. Артикуляция.
5. Көрудің аз кеңістігі.
6. Зейіннің деңгейі.
7. Жады. Аталған себептердің әрқайсысы оқу қарқынына әсер етеді.
1.Іс-әрекеттің табиғи қарқыны. Ic - әрекеттің табиғи қарқыны адамның -темпераментін құраушы қасиет болып табылады. Бұл қасиет басқа да туа біткен қасиеттер сияқты тұрақтылық танытып, ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз сақталады. Іc -әрекеттің қарқыны - бұл жады, зейін, ойлау,қабылдау,елестету психикалық, процестері жұмыс істейтін жылдамдық. Бұл - адамның белгілі бір_уақыт ішінде орындайтын түрлі операциялар, ic - қимыл, қозғалыстарының мөлшері. Сөйтіп, қарқын туа біткен қасиет бола тұрып, адамның қаншалыкты тез жұмыс жасайтынын, есте сақтайтынын, ойлайтынын, оқитынын анықтайды. Қимыл -қозғалысы баяу оқушының оқу шапшаңдығы кедергілермен жүгіруді еске түсіреді. Егер бала берілген уақыт ішінде қажеттi мөлшерді оқи алмаса, оньң табиғи қарқынын (жылдамдығын) анықтау қажет. Бұны арнайы психологиялық тестің кемегімен жүргізуге болады. Сонымен бipгe ic-әрекеттің қарқынына басқа факторлар да әсер етуі мүмкін, мәселен зейіннің шоғырлану деңгейінің төмендігі мен тұрақсыздығынан бала жиі алаңдайды, содан да жұмыстың жылдамдығы төмендейді.
2. Регрестер. Регресс - бұл оқығанды қайталап оқу кезіндегі көздің қайта оралу қозғалысы. Бұл өте кеңінен тараған кемшілік. Оқушының оқуында регрестің бар - жоғын байқау әдісі арқылы анықтауға болады. Балаға таныс емес мәтінді оқытыңыз. Осы кезде баланың мәтінді қалай оқитынын жіті қадағалаңыз: көз қозғалысы мен оқу тіліне көңіл аударыңыз. Егер оқу барысында баланың көзі қайталап оқу үшін жиі -жиі артқа орала берсе (бала әуелі іштей оқиды, содан соң дауыстап оқиды) немесе ол бір жолдағы сөздерді түсіну үшін қайталап оқи берсе, онда оқудың бала қолданып отырған бұл тәсілінде регрестің бар болғаны. Peгpестің бар болу себептері:
1.Әдеттің әсері.
2.Мәтіннің қиын болып көрінуі.
3.Зейіннің жоқтығы.
3.Антиципация. __ Адамдар оқып отырып көптеген сөздің аяғын оқымайды. Яғни, ол сөздің мағынасын оқымай тұрып алдын-ала түсіне қояды. Мәтіннің әрі карайғы мәнін түсінудегі бұл тәсіл антиципация деп аталады. Бұл келешекті алдын-ала психологиялық тұрғыда болжайтын процесс. Ол жағдай оқиғаның даму қисынын ойлау, білуге негізделген, сөйтіп оқу жылдамдығын тездетеді. Оқырмандардың біршамасы осы тәсілді қолданады. Егер балада сөздің мәнін түсіну қабілеті дамымаса , онда oғaн әр сөзді аяғына дейін оқуға тура келеді.
4.Артикуляция. Оқу шапшаңдығын тежейтін келесі себеп – сөйлеу мәнеріндегі артикуляциялық аппараттың бұзылуы. Яғни, осы себептің өзі оқу жылдамдығы тежелуінің неден болатынын түсіндіреді. Артикуляциялық аппарат керекті жылдамдықпен дауыстап оқуына кедергі келтіреді. Әсіресе дыбысты дұрыс айтпайтын балаларға өте қиын. Олардың сөйлеуі анық емес және түсініксіз. Басқа балаларға қарағанда оларда сөйлеу қарқыны баяу. Бұл артикуляциялық аппараттың қозғалу жетіспеушілігімен айқындалады. Баланың тілі, ерні астыңғы жағы 6іp дыбыстан екінші дыбысқа ауысқанда 6ip- 6ірімен келісімді қозғалыста болмайды. Шынына келгенде, бұл бала сәби шағында алғашқы сөздерді дұрыс айтып үйренбеген. Бұл уақытта оның қатарластары таза сөйлей білген. Осындай балалардың оқу жылдамдықтарының арасында үлкен алшақтық болады.
5. Көру аймағының аздығы. Зерттеулер көрсеткіші бойынша оқып отырған адамның көзі екі жағдайда болады.
1. Бip нүктеге көз тоқтату (тоқтау)
2. Нүктеден нүктеге ауысу (қозғалыс). Мәтінді қабылдау тек көз тоқтату мезетінде icкe асады. Әрине, адамның ақпаратты қабылдау жылдамдығы көз тоқтатқан кездегі ақпарат көлеміне байланысты болады. Сонымен оку жылдамдығын тездету – көз тоқтатқан көздегі ақпараттың ұлғаюы. Жылдам оқитын адам мен баяу оқитын адамның арасындағы айырмашылық көз қозғалысының жылдамдығында емес, көз тоқтату мезгіліндегі қабылданған ақпараттың мөлшерінде. Оқу кезінде көз секірмелі қозғалыста болады. Сондықтан, ол сөйлемнің 6ip- екі сөзіне ғана көз тоқтатады.
6. Зейін деңгейін ұйымдастыру. Оқу кезіндегі зейін адамның басқа да іс-әрекеттері сияқты маңызды роль атқарады. Өз ойын жинақтау, қорытындылау, орындалатын жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Көп жағдайда бастауыш сынып оқушыларына берілген ақпараттың қызықсыздығы баланың зейінін тұрақсыздандырады. Мұны мұгалімдер біледі. Сондықтан да өз жұмыстарында оқушылардың зейінін тұрактандыру үшін ойлау қабілетін дамытуда әр түрлі жаттығулар мен тәсілдер пайдаланады. Егер баланың зейіні тұрақсыз болса, қиынырақ жаттығуды орындауда қиналса ( мысалы, оқуда) ,онда оған сіздің көмегіңіз қажет. Осы жетіспеушіліктерді түзеу үшін екі бағытта жұмыс істеу керек. Олар:
-зейіннің негізгі қасиеттерін қалыптастыратын арнайы жаттығуларды қолдану
-баланың қабілетін, ынтасын, ілтипатын дамытатын арнайы жаттығуларды қолдану
7. Жады. Жадының төрт типі белгілі: көру, есту, аралас. Бала жадының типін қалай анықтауға болады? Мәселен, бала кітаппен жұмыс жасай отырып, өзінің іштей оқығанда жақсы түсінетінін аңғарады. Өзіне :қажет мәтін жолын, оның бетін, қандай үлгімен жазылғанын есіне тез сақтап, алдын-ала білетін болады. Бұл баланың көру жады жақсы дамыған. Бұндай балалардың оқу жылдамдығы жоғары, сауаттылықтың деңгейі жоғары. Көру мүшесі (көз) оларға epікcіз түрде сауатты жазуға көмектеседі, себебі ол сөздерді біртұтас көлемді бейне ретінде қабылдайды. Егер бала дауыстап оқығанда немесе сіздің оқығаныңызды тыңдаған кезде тез қабылдаса, ол балада есту арқылы жадына сақтау қабілеті жақсы дамыған . Егер бала оқығанын жазып, салу арқылы жадына сақтаса, ол балада моторикалық жады жақсы дамыған. Көру арқылы жадыны сақтау қабілеті жақсы дамыған балалардың сөз бейнесін жадына сақтауда, сауатты жазуда, тез оқуда айрықша ерекшелігі бар. Көру арқылы жадына сақтау қабілеті төмен балалармен түрлі жұмыстар жүргізілуі керек. Ал қатесіз жазу үшін дұрыс жазу ережесін 6ілyi қажет. Осыған байланысты баладағы көру арқылы жадыны сақтау қабілетін cypeттi көрнекіліктер арқылы дамытуға болады. Cypeттi көрнекіліктермен жұмыс іcтey 15 секунд көлемінде жүргізілсе де жадыны дамытудағы мәні зор.
V бөлім Қорытынды
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігіне елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының тұлғacы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу ic -әрекетінің компоненттерін меңгepyі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларыньң қалыптасу деңгейі анықтайды. Жалпы оқу дағдыларының бip саласы - оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.