Развивающая социальные навыки и навыки самообучения детей раннего возраста



бет33/64
Дата21.07.2020
өлшемі150,01 Kb.
#63582
түріПрограмма
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64
«Әлеумет» білім беру саласы

Мақсаты: ойын әрекеттеріне қызығушылығын дамыту, бірлескен ойындарға дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- балалардың бірлескен шығармашылық ойындардың күрделі формасын дамытуға ықпал ететін қиялын белсендендіру;

- тыныш және дербес ойнай білігін дамыту;

- құрдастармен және ересектермен тілдік қарым-қатынас үшін жағдай жасау;

- ойын бойынша құрдастарына жақсы қарым-қатынас сезімін, бірге ойнау білуге, ойыншықтармен бірлесе қолдануға тәрбиелеу.

Тәрбиешімен бірлескен ойында балалардың заттармен және ойыншықтармен әрекет жасау білігін бекіту. Балаларда рөлдік мінез-құлықтың қарапайым пішіндерін қалыптастыру: белгілі рөлге сәйкес әрекет жасауға баулу. Балаларды әлеуметтік шынайылықпен таныстыру қызметін заттар, ойыншықтар орындайды. Әлем туралы түсініктерді кеңейту және оларды басқарудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.



Балалардың бастамасы бойынша туындаған ойындарды қолдау. Ойында заттар-орынбасарларды қолдануға баулу, бірлескен ойындарға қатысу, дербес ойындар үшін бірлесу (2-3 баладан).

Бірге ойнау, басқа балаларға бөгет жасауға болматынын түсіну біліктерін қалыптастыру. Балалардың бір-бірімен жағымды эмоционалдық қарым-қатынасын дамыту.

Балаларды кейбір кейіпкерлердің бейнелі әрекеттерін көрсетуге үйрету.

Балалардың назар аудару, ойлау, толыққанды қабылдау, қиялдау, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға ықпал ететін қызығушылықтарын дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет