Реферат Тақырыбы: Мектептің жоғары сатысында биология пәндерінде тест тапсырмаларын қолдануда биологиялық білім беру қызметтерінің толыққанды орындалуының проблемасы Дайындаған



бет4/9
Дата23.04.2020
өлшемі20,29 Kb.
#64537
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жиенбек Аида БОӘ срс 1

Тест формасы

-Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар

-Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар

-Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар

-Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу)

-Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар.

Қазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін тест түрлері «оқыту тесті» және «бақылау тесті».Оқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульды не тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рольді атқарады. Тапсырмалар сұрақ қою, жауап беру, есте сақтау, жазып алу, үйден ауызша қайталау, қайтадан жалпы сұрақ — жауап түрінде тексеру.«Бақылау тесті» осыдан кейін жүргізіледі, яғни оқушылардың тарау бойынша немесе белгілі бір тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін. Мысалы, 9 сыныпта география пәнінен ОЖСБ — ғе дайындық барысында оқыту тестін сабақта жүргізбей, бірден бақылау тестін алдым. География пәнінен 12 баланың 54% орындады. Ал, келесіде оқыту тестін өткізіп, тақырыпты меңгергеннен кейін, нәтижеде 98% орындады. Бұл тестердің тағы бір тиімділігі, егер ол әр модуль — тарау сайын өтсе, оқушылардың сабаққа дайындалуын тәртіпке келтіреді.Әр тестен кейін түзету жұмысын жүргізу міндетті түрде қажет. Арнайы дәптерге оқушы қате сұрақты белгілейді, ол сұрақтың дұрыс жауабын өзара талдап, әрі мұғалім толықтырады. Дұрыс жауап жазылады. Осындай түзету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылардың пәнге байланысты терминдердің нақты баламасын білмейтіндерін, қарапайым сұрақтарға оқушы көп зейін аудармайтынын анықтадым және жою мақсатында 100 — ге жуық термин сөздерді жазып, жаттап, тексердік.Мұғалім тест тапсырмаларды тек оқушылардың білімін бақылауда ғана емес қолдана алады. Тест тапсырмалардың көмегімен оқу үрдісінде оқушылардың өз — өзін бақылауын ұйымдастыруға болады.Осындай тапсырмалар оқушылардың дайындық деңгейін анықтап, тақырып бойынша білімдерін өздігінен тексеруге және өз — өзін бақылауды жүзеге асыру әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Жоғарыда айтылып кеткендей, әрбір тест жүргізгеннен кейін оқытудың нәтижесінің статистикасын алу қажет. Берілген кесте бойынша жауап нәтижелерін өңдеуден өткіздіру өте ыңғайлы. Кестенің төменгі жолында әрбір сұрақ бойынша қателердің жалпы саны саналады да формула бойынша осы берілген сұрақты меңгерудің пайыз көрсеткішін анықтауға болады:= N/n х 100%,К – меңгеру пайызы,N – дұрыс жауаптар саны,\ – берілген тест бойынша жұмыс істеген оқушылар саны.Жоғарғы сыныптарда тест алу арқылы күтілетін нәтижелер:

-Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.

-Білімді өз бетімен алу жолдарын үйренеді.

-Танымдық іс−әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет