Реферат тақырыбы: Плаун тәрізділер Орындаған: Суйеркулова д тобы: Ап-21-1к Қабылдаған: Сапарханова А



бет6/6
Дата11.05.2022
өлшемі47,62 Kb.
#142161
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Плаун тәрізділер
4 лекция, Функциялар мен процедуралар, ad014-comparison-of-adjectives, Ағзаға токсин түсуін шектеу
Қорытынды
Қазіргі кезде өмір сүретін тең споралы плаун тәрізділердің гаметофиттері жердің астында немесе жартылай жердің астында жатады және етженді келеді, ұзындығы 2-20 мм-дей болады. Олар қос жынысты сапрофит немесе жартылай сапрофит ретінде өмір сүреді және 1-15 жылдың арасында пісіп жетіледі. Әртүрлі споралары плаун тәрізділердің гаметофиттері дара жынысты болып келеді және жердің бетінде өседі. Олар спорада болатын қоректік заттарды пайдалана отырып бірнеше аптаның ішінде дамиды, пісіп жетілгеннен кейін де спораның қабығынан сыртқа шықпайды немесе аздап қана шығады. Жыныс органдары антеридийлер мен архегонийлерден тұрады. Антиридийлерінде екі немесе көп талшықты сперматозоидтары, ал архегонийлерінде жұмыртқа клеткалары жетіледі. Ұрықтану процесі судың тамшысы болған жағдайда ғана жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ бірден жаңа өсімдікке, яғни спорофитке айналады. Плаун тәрізділер бөлімі екі кластан тұрады: 1) плаундар немесе ликоподиопсидтер (Lycopodiopsida) және 2) полушниктер немесе шильниктер немесе изоэтопсидтер (Isoetopsida) кластары.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ә.Әметов. Ботаника. – Алматы, 2000. – Б. 280, 293
Е. Агелеуов, К. Дөненбаева, К. Агитова, С. Иманқұлова. Ботаника. – А:Санат, 1998.-483 б.
А. Мұхамедгалиев. З. Кабаева. Өсімдіктану.- Алматы, 1995-202 б.
Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Рақымов Қ.Д., Исамбаев Ә.И., Сауранбаев Б.И. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. – Алматы: Ғылым, 1998-288 б.
М.Б. Бедебаев. Г.Б. Дөненбаева, К.М.Нұғманова. Өсімдіктер систематикасы.- Шымкент, 1997-182 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет