Реферат тақырыбы: Visual Studio Бағдарламалау ортасы Орындаған: Мухамбетова Эльмира Тексерген: Г. Қайырбековна



бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі138,2 Kb.
#84483
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
РЕФ ОББ
РЕФ ОББ

Рымбек Байсейтов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Visual Studio Бағдарламалау ортасы
Орындаған: Мухамбетова Эльмира
Тексерген: Г. Қайырбековна

2020-2021 ЖЫЛ


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Visual Studio
2. Консольдік режим
3. Программа құрылымы
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I. Кіріспе

Visual Studio бағдарламалау ортасы қазіргі уақытта барлығына танымал болса да, қарапайым саланы білмейтін жандар да жетерлік. Реферат авторы visual Studio бағдарламалау ортасы туралы барлық күмәнді жою мақсатта саланы терең зерттеп, сонымен қоса visual Studio, консольдік режим деген сұрақтарға жауап таба алды. Программа құрылымы неде екені туралы талқылау жүргізіледі.


Ғылыми рефераттағы мәлімет Интернеттен және кітапханадағы пәнге қатысы бар әдебиеттен алынған болатын.

II. Негізгі бөлім


Бағдарламаны әзірлеу ортасы Microsoft Visual Studio.NET деп аталады. Бұл Windows-ке бағдарламаларды тез әрі тиімді құруға қажетті барлық аспаптарды қамтитын мықты және икемделетін бағдарламалау ортасы. Visual Studio мүмкіндіктерінің басым көпшілігін Visual Basic .NET, Visual C++ .NET, Visual C# .NET и Visual J# .NET-те бірдей қолдануға болады. Visual Studio-ны іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Windows тапсырмалар панелінде Start (Іске қосу) батырмасы арқылы, курсорды All Programs (Барлық бағдарламалар) апарыңыз, кейін Microsoft Visual Studio .NET 2005 папкасын таңдаңыз. Бағдарламалар тізімі пайда болады.
2. Microsoft Visual Studio .NET 2005 таңбасын таңдаңыз. Visual Studio іске қосылады және сіз экранда әзірлеу ортасының әртүрлі мәзірлер, аспаптар және компоненттері бар терезелерін көресіз. Егер бағдарламаны орнатқаннан кейінгі Visual Studio-ны бірінші рет іске қосу болса, онда Start Page (Алғашқы парақша) пайда болуы керек. Егер Start Page (Алғашқы парақша) көрінбесе, оны Help (Анықтама) мәзірінен Show Start Page (Алғашқы парақшаны көрсету) командасымен шақыруға болады.
Егер әзірлеу ортасында барлық жазулар мен командалар ағылшын тілінде жазылған болса, жоғарғы мәзір жолында Tools мәзірін таңдап, Options (Параметрлер) командасын басыңыз. Parameters ортаның баптау терезесі пайда болады. Папканың сол жақ бағанында Environment папкасын екі рет шертіңіз, онда International Settings жолын таңдаңыз. Терезенің оң жағында Language тізімінен Russian – орыс тілін таңдаңыз. ОК батырмасын басып, терезені жабыңыз. Осыдан кейін Visual Studio ортасының жұмысын аяқтап, оны қайта іске қосыңыз.
3. Start Page (Алғашқы парақша) терезесінің жоғарғы жағында My Profile (Менің профилім) қосымша парағын шертіңіз. Visual Studio параметрлердің жеке баптауын көрсетеді. My Profile (Менің профилім) панелі Visual Studio-ны сіздің қалауыңызша қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Бұл маңызды тұсы, себебі Visual Studio-ны әртүрлі тілдерде бағдарлама құруға қолдануға болады. (Visual Basic, Visual C++ және т.б.).
4. Profile (Профиль) тізімі ашылғаннан кейін Visual Basic Developer (Visual Basic-те әзірлеуші) пунктін таңдаңыз. Visual Studio Visual Basic-те бағдарламалауға ортаны қалыпқа келтіреді, Toolbox (Элементтер облысы) ашып терезелер сипаттамалары мен пішімдеу стильдерін қалыпқа келтіреді.
5. At Startup (Іске қосылу барысында) тізімінде Show Start Page (Алғашқы парақшаны көрсету) пункті таңдалғанына көз жеткізіңіз. Енді Visual Studio әр іске қосылған кезде Start Page (Алғашқы парақша) көрсетілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет