Республикалық ғылыми әдістемелік журнал Республиканский научно методический журнал


ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата25.02.2023
өлшемі3,64 Mb.
#170146
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Электронка-2

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ 
 
 
 
 
 
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы 
№18 мектеп -бөбекжай-балабақша кешені 
Тарих пәні мұғалімі
Ешова Лаура Бисенгалиевна 
 
Қасиетті Сарыарқа төсіндегі Қызылтас тауының бұлақтарынан бастау алып, Балқаш көліне иек арта 
тартылып қалатын, аңғарлы, салалы, бірақ қар суына тәуелді Тоқырауын өзені бойында, көшпенді 
ақсүйек отбасында, 1870жылы дүниеге болашақ ұлт көсемі, Алаш орда ұлт-азаттық қозғалысының негізін 
қалаушы, алғашқы әрі бірегей басшысы Әлихан Бөкейханов келді. 
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті мақаласында: «Бүгін тарихи тұлға Әлихан 
Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін 
қалаушы. ХХ ғасырдың басында Әлихан бастаған қазақ интеллигенциясы уақытында тынымсыз еңбек 
етті», — деп жазған еді. Расында да, мемлекет және қоғам қайраткері, энциклопедист ғалым ұлттық және 
әлемдік ой-сана биігіндегі алып тұлға. Тарих толқынындағы жанкешті арпалысқа толы ұлттық 
бұлқыныстар мен азаттыққа ұмтылған көтерілістердің жеңісі мен жеңілісіндегі тағылымын бойына 
сіңірген қыр перзенті жаңа тұрпаттағы қайраткерлік күресінде зайырлы ұстанымдағы реформаторлық 
әдіске иек артты. Қарқаралыдағы мектепте, кейіннен Омбы техникалық училищесінде білігін ұштаған 
дарын Санк-Петербургтегі Орман шаруашылық институтын “экономика” мамандығы бойынша 
тәмамдады. Ұшан-теңіз білім мен заманауи ғылымның терең қатпарларын еркін игерген Алаш ұлы 
зияткерлік білік пен санаткерлік берендігімен күйреген қазақ хандығының ордасын ұлттық мемлекет 
ретінде қайтадан қалпына келтіру үшін қызмет атқаруға кіріседі. “Алыспаған, жұлыспаған бостандық 
атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие 
болмайды” деп ел тарихындағы бейуақытта ұлтының тұрлаулы тағдырын қолға алады. Алашорда 
үкіметінің саяси және ағартушылық саласындағы реформаторлық қадамдарында барша саналы ұлт 
зиялыларын ұйыстыра білген көсемдігімен халық сүйіспеншілігіне бөленді. 
Қазақ ренессансын айқындаған Әлихан Бөкейханның адамзаттық ақыл-ой қазынасына олжа болып 
қосылған нақыл сөздерінен алар тағылым мол. “Енді бұрынғы қате ізді баспалық, үлгілі жолға түселік, 
мынау ұлы дүбірге қосылалық, тиісті бәйгемізден құр қалмалық, жұрт болалық! Егер, қазақ мұны 
істемесек, кейінгі нәсіл-нәсіптің көз жасына қалғаның” Иә, ұлт перзентінің кенен ойынан нәр алып 
кемелдену, даналық толғамынан парасатты пікір түю арлы ұрпақтың басты парызы. 
“Түзу қалам қисайған, өткір мүжілген заманда” ұлтына адал қызмет еткен қайраткер “Алаштың 
баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар” деп саяси сарабдалдықпен 
көрегендік танытты.Сол күннің тезірек жетуіне терін төкті, жанын салды. “Ала арқанмен шандыған 
сынық арба қазақ елінің мәңгі-бақи еншісіне тиген жоқ. Қазақ шаруасы да өркендемек. Әйтпесе, қазақ 
еліне кеңес өкіметінің орнағаны өтірік”, “Отырықшы болу бұйрықпен, әмірмен орындалмайды”, “Әділдік 
жоқ жұртта, береке, бірлік болмайды” деген азаматтық ұстанымымен жаңа биліктің басқару жүйесін сын 
тезіне салуда тізгін тартпаған асыл ер бастапқыда патша абақтысына қамалып, кейіннен кеңес түрмесінде 
атылды. Әлихантанушы Сұлтан Хан атап көрсеткендей, “1917 жылғы төңкеріске дейінгі және одан 
кейінгі кезеңде бір Әлиханның өзі 7 рет тұтқындалып, бірнеше тәуліктен 4 және 8 айға дейін түрмеде 
отырып шығып, 2рет саяси айдауда болды. Оның ішінде Самарада 8жылын өткізсе, Мәскеуде шым-
шытырық оқиғалар мен қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын сарп етті”. 
Әлихан Бөкейхан өмірі мен қызметіндегі күрделі белес-1922 жылдың желтоқсанынан 1937 
жылдың қыркүйегіне дейін 15 жылға жалғасқан қапастағы “Мәскеу кезеңі”. Әлихан ғұмырының Мәскеу 
кезеңі қайраткер ғұмырынан бейхабар оқырманға зорлықшыл патша өкіметіне қарсы тынымсыз күрес 


36 
жүргізген ұлт көсемінің жан тыныштығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне деген жаңа биліктің 
айрықша құрметі мен шексіз қамқорлығы болып көрінуі мүмкін. Алайда, кеңес өкіметінің бастапқыда 
В.И.Ленин кейіннен И.В.Сталин жалғастырған осынау “қамқорлығының” астарында ұлт көсемі 
Ә.Бөкейханды туған халқынан оқшаулап, есімін қазақ тарихы мен жадынан өшіру қитырқұлығы 
жатқанды. 
Кеңес өкіметі Алаш қайраткерлерінің 6,5 миллион қазақ халқының алдындағы шексіз беделі мен 
айрықша құрметінен сақтанып әрі Қазақстандағы билік тетіктерінен айырылып қалу қаупінен сезіктеніп, 
оны ырқынан тыс Мәскеуде күштеп ұстауға мәжбүр болды. Әлиханның осынау өмір белесінің қилы 
кезеңі не бір беймәлім сырларды бүгіп жатыр. Десе де қолда бар әрі Ресейдің Мәскеу, Самара және өзге 
де қалаларынан табылған жаңа құжаттармен мұқият танысу, сондай-ақ Алам көсемінің туған-
туысқандарымен жақын серіктерінің естеліктері қайраткер Әлиханның туған жерінен жырақта өткен 
өмірінің соңғы кезеңінің жарқын болмысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 
Патша тақтан құлап, дүние бүгілген бұлғақ жылдарды қазақ хандығының еңсе көтеріп кетеріне 
сенген Әлихан Бөкейхан: “Азаттық таңы” атты. “Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн 
теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, 
құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті. 
Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өзімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге 
жеткізген құдайға мың шүкіршілік!” деп толғанды. Бұл сөзді өз мұратының шамшырағы етті. Бірақ бұл 
арман арада 70 жыл өткеннен кейін орындалды. 
Әлихан Бөкейханов: “Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын” деген сертке соққан 
семсердей сөзін өзінің бүкіл саналы өмірімен ақтап шықты. “Бостандыққа қуаныңдар, мені басшымыз 
деп айтқандарың шын болса, міне, мен өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға уәде беремін, сендер уәде 
бересіңдер ме бостандықтың жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдар: бишараны жемеуге, 
партияны қойып, бірігуге, бас пайдасымен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштеріңді ғылым 
жолына, бостандық арқасымен көгеру жолына жұмсауға керек” деген сөздерінің астарын зерделесек 
ұлылықтың тағы бір ұлағатын ұға түсеміз. 
Қорытындылай келе, бүгінгі тәуелсіздігіміздің тарихи негіздерін қалаған Алаш ұлттық-
демократиялық парламенттік республикалық жылдығында Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт перзенттері 
лайықты ұлықталуы керек. Тәуелсіздікпен рухтанып өскен саналы ұрпақ, жаңа толқын даңқты 
бабаларымыздың шын мәніндегі мұрагерлері болуы үшін де Алаш қайраткерлерінің мұрасынан рухани 
нәр алып отыруы шарт. Ұлтшылдық сезімге қуат, ізгілік пен мейірімге шуақ дарытып, ар-ұждан 
тазалығына тәрбиелейтін Әлихан Бөкейхан ғұмыр бәйгесінде Алштың алар асуы асқарлы, шығар биігі 
зәулім болғай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет