30
маңызы, жұмысшының жеке қасиеттеріне түрлі мамандықтардың
талаптары, кәсіпті алу жолдары және т.б.);
Кәсіптер туралы сұхбаттардың, жұмысшы және мамандармен –
түрлі кәсіп өкілдерімен кездесудің әдістемелік ұсынымдары.
Кәсіби бағдарлау кабинетін келесі құралдармен жабдықтаған абзал:
педагог және оқушылар үшін жиһаз;
кабинет құжаттарын, оқушылардың жеке тұлғасын дамытуын
бақылау материалдарын, оқыту құралдарын сақтау үшін жиһаздары
(шкафтар, стеллаждар, қораптар, сөрелер);
оқыту және тәрбиелеудің мультимедиалық құралдарының
жинақтамасы;
құрамына табиғи нысандар кіретін оқыту-көрнекі құралдары
(негізгі кәсіпорын өнімі, түрлі мамандық өкілдерінің еңбек құралдары);
үлкен макеттер мен техникалық құрылымдардың үлгілері, суреттері,
сызбалар,
карталары,
плакаттары,
кестелері,
диаграммалары;
аудиовизуалды құралдар (кино және видеофильмдер); кәсіби бағдарлау
бойынша әдістемелік құралдар.
Достарыңызбен бөлісу: