Жауабы: 1) жалпы қарау; 2) құжатын тексеру;
Есеп №5
Босанғаннан кейін 4 күні әлсіздік пайда болып, оң сүт безі ауырып, дене қызуы өте тез жоғары 39-40º дейін көтерілген, қалтырайды, тахикардия, тамыр соғуы минутына 112 рет. Оң сүт безінің сыртқы квадратында сүт безі қатты, ауыратын инфильтрат бар. Терісі қызарған, ысықты, жоғары оң жақтағы қолтық асты лимфа бездері ұлғайған және ауру сезімі байқалады.
Диагноз қойыңыз?
Емі
Жауабы: 1)босанғаннан кейінгі кеш кезең. Инфильтратты мастит. 2) хирургиялық жолмен. Антибактериялық терапия. Инфузионды терапия.
Есеп №6
Босанған әйелдің оныншы тәулікте дене қызуы 38º көтеріліп, емшек безінде ауру сезімі пайда болды. Жоғарғы – сыртқы квадратында жұмсақ инфильтрат анқталады, терісі қызарған, ауру сезімі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |