ҚҰрылымы пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК)


ЖҮКТІЛІК МЕРЗІМІН ЖӘНЕ БОСАНУ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ



бет26/195
Дата10.06.2020
өлшемі451,13 Kb.
#72835
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   195
Байланысты:
ҚҰРЫЛЫМЫ умкд

ЖҮКТІЛІК МЕРЗІМІН ЖӘНЕ БОСАНУ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ: Жүктілік мерзімін анықтау анамнездік мәліметтер негізінде (етеккірдің тоқтауы, іштегі нәрестенің бірінші қозғалған күні), объективті зерттеулер (жатыр ұзындығы мен ұрық өлшемі) және қосымша зерттеулер негізінде (УДЗ) жасалады. Жүктілік мерзімін және босану уақытын анықтайды: Соңғы етеккірдің күніне қарайды. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап, жүкті әйелдің қаралған кезінің күніне дейін санап шығаруға болады. Босану уақытын анықтау үшін соңғы етеккірдің бірінші күніне 280 күнді қосады немесе Негеле формуласын пайдаланады. Соңғы етеккірдің бастапқы күніне 3 айды алып тастаймыз және 7 күнді қосамыз. Бұл әдіс етеккір циклы тұрақты емес әйелдерге қолдануға болмайды. Овуляция бойынша. Егер сол немесе басқада жағдайлар күшінде болса, әйел шамаланған ұрықтану күнін айтуы мүмкін. (сирек жыныстық, экстрокорпоральды ұрықтандыру операциясы, донор спермасының инсесенациясы) онда жүктілік мерзімін шамамен 2 апта қосып, ұрықтану күнінен бастап санап шығарады, ал босану күнін, 38 апта, шамаланған овуляция күнінен бастап санап шығарылады немесе келесі формуланы қолданады: овуляция күнінен 3 ай 7 күнді алып тастайды.

Бірінші қаралуға келуінен бастап жүктілікке байланысты есепте тұрғанда, жүкті әйелді міндетті зерттеу әдісі қынаптық болып табылады. Жүктілік мерзімін анықтауға болатын қынаптық зерттеу болып табылады. (табл. қараңыз) Бірінші қозғалуына қарап; жүктілік мерзімінің қозғалуының бірінші күніне қарап, оның екінші жартысында ғана анықтауға болады. Орташа алғанда бірінші босанатын әйелдер ұрықтың қозғалуын 20 аптада, ал екінші рет босанатын әйелдер - жүктіліктің 18 аптасында сезеді.

Ультрадыбысты зерттеу мәліметтеріне қарап УДЗ арқылы жүктілік мерзімін анықтау дәлдігі жоғары, әсіресе жүктіліктің 1 триместрінде. II және III триместрде бұл әдіспен жүктіліктің мерзімін анықтауда қателесу жоғарылайды. Ол ұрық дамуының конституционалды ерекшеліктерімен немесе жүктілік асқынуларымен байланысты (ұрық гипотрофиясы, диабетикалық фетопатия және т.б.), сондықтан іштегі нәрестені динамикалық ультра дыбысты бақылау айқын бағалы болып табылады.

Босануға дейінгі демалысқа шығуына қарап Заң бойынша 30 аптадан бастап әйел босануға дейінгі демалыс алуға құқығы бар. Жүктілік мерзімімен босану уақытын тез есептеу үшін арнайы акушерлік календарлар шығарылды. Жүктілік мерзімін анықтау үшін шаттан жоғары жатыр түбінің биіктігін және іштің айналымын дұрыс өлшеу керек. Шаттан жоғары жатыр түбі биіктігін сантиметрлік жолақпен немесе тазомермен өлшейміз. Өлшер алдында әйел қуығын босату керек және аяғын қосып, арқасымен жатады.

Симфиздің жоғарғы қыры мен жатыр түбінің шығыңқы нүктесі аралығын өлшейді. Жүктіліктің екінші жартысында іштің айналымын сантиметрлік жолақпен өлшейді, оны алдынан - кіндік деңгейінде, артынан - бел аймағының ортасынан өткізеді. Жүктіліктің кеш мерзімін анықтау ерте мерзімін анықтаудан оңай, себебі осы кезде жүктіліктің жеткілікті белгілері болады. Акушер-гинеколог үшін жүктілік мерзімін және оның босанатын уақытын анықтау кейде қиын болады.

Жүктіліктің уақытын және баланың босанатын мерзімін анықтау үшін жүкті әйелді қарау және одан анамнез жинау қажет, лабораториялық, аспаптық және қосымша әдістер арқылы тексереміз. Ең соңында гемолитикалық, иммунологиялық (серологиялық), бектариологиялық, биохимиялық, гистологиялық, цитологиялық зерттеулер, жүрек соғуын тексеру, эндокринологиялық, математикалық әдіспен мүмкін болатын сырқаттарын, жүктіліктің асқынуын және ұрықтың өсуінің бұзылысын зерттеу. Осыларды тексеріп болған соң рентгеноскопиялық, рентгенография, амниоцентез, ультрадыбыс және де басқа жаңа әдістер арқылы диагностикалайды.

Жүктілік мерзімі

4 апта - Жатыр көлемі тауық жұмыртқасындай

8 апта - Жатыр көлемі қаз жұмыртқасындай

12 апта - Жатыр көлемі ер адамның жұдырығындай, түбі шаттың жоғарғы қыры деңгейінде

16 апта - Жатыр түбі шат пен кіндік арасында(шаттан 6 см жоғары)

20 апта - Жатыр ұлғаюынан іш ұлғайады, шаттан 11-12 см жоғары, ұрық қозғалысы пайда болады, жүрек қағысы естіледі.

24 апта - Жатыр түбі кіндік деңгейінде, шаттан 22-24 см жоғары

28 апта - Жатыр түбі кіндіктен 4 см жоғары, шаттан 25-28 см жоғары.

32 апта - Жатыр түбі кіндіктен төстің қылыш тәрізді өсіндісі аралығында, шаттан 30-32 см жоғары, кіндік деңгейінде іштің айналымы 80-85 см, кіндік аздап жазылған, бастың тік өлшемі 9-10 см.

36 апта - Жатыр түбі қабырға доғасы деңгейінде, іштің айналымы 90 см, кіндік жазылған, бастың тік өлшемі 10-12 см.

40 апта - Жатыр түбі төстің қылыш тәрізді өсіндісі мен кіндікке дейінгі қашықтық аралығына төмендеген, шаттан 32 см жоғары., іштің айналымы 96-98 см, кіндік шығыңқы, бастың тік өлшемі 11-12 см. Алғашқы босанушыда ұрық басы кіші жамбасқа қысылған, ал қайта босанушыда- қозғалмалы.Ең негізгі және нақты диагноз УДЗ көмегімен қойылады.

Адам денсаулығы ол туылмай тұрып түзіледі. Ұрықтандырудан бастап жұмыртқа клеткасында анықталған. Генетикалық жоспар бойынша қиын процестер құрылу және барлық мүшелер дамуы және келешек органдардың жүйесінің дамуы. Перинатология - бұл ұрық пен нәрестенiң перинаталды кезеңде дамуы мен денсаулығын қорғайтын ғылым.

Перинаталды кезең жүктiлiктiң 28 аптасынан бастап (ұрық өмiр сүруге қабiлеттi кезеңде) туылғанға дейiнгi, сонымен қатар, неонаталды кезеңнiң алғашқы 7 күнiн қосады. ДДҰ жiктелуi бойынша, перинаталды кезең жүктiлiктiң 22 аптасынан бастап есептеледi. Тiрi туылу туралы ұғымға түсiнiк беру қажет. Ұрық туылған кезде салмағы 1000 г. асатын, бойы 35 см және одан жоғары болған жағдайда, негiзгi өмiр сүру белгiлерiмен туылса – тыныс алу немесе қандай да бiр тiрiлтушi тәсiлдерден кейiн өздiгiнен тыныс алатын болса, оны ұрықтың тiрi туылуы деп атайды.

Қазіргі кездегі перинатологияда босануға рұқсат ету операциясындағы маңызды ролді: кесар тілігі атқарады. Жүктілерде және босанушыларда жоғарғы тәуелділік топтары перинотальды патологиясы қазіргі кездегі операция кесар тілігі ұрық жағдайына қауіпті болады. Осыған байланысты кесар тілігі операциясының көрсеткіштері кеңейтілген. Кесар тілігінде перинотальды өлім негізінде аспекциясы болады. Перинатальды өлім деңгейі кесар тілігі операциясында басқа акушерлік операцияға тең болады, наркоз ерекшеліктері, операция және хирург техникасының әдістері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет