49 Су тұз алмасуына әсер ететін гормондар Сулы-тұзды алмасудың реттелуіне үш түрлі жүйелер: ренинангиотензин-альдостеронды жүйе, вазопрессин және артериальды натрийуретті фактор қатысады. Ренин – ангиотензин – альдостеронды жүйе -клеткадан тыс сұйықтықтың көлемін және осмоляльдылығын реттеуде маңызды рөл атқарады. Артериялдық қысымның, қан айналымындағы қан көлемінің немесе натрий ионы концентрациясының төмендеуі, бүйрек артериолдарының дистальды каналдарында орналасқан, бүйрек аппаратының юкстагломулярлы клеткаларын (ЮГА) активтендіреді. ЮГА клеткалар - ренин түзеді. Ренин - бауырда синтезделетін α2- глобулин – ангиотензиногенге әсер етіп, одан декапептидті бөліп алу арқылы, ангиотензин I – ге айналдырады. Ангиотензин I –ден ангиотензинтүрлендіруші ферменттің әсерінен, дипептид бөлініп шығып, октапептид- ангиотензин II түзіледі. (9.5). [153]. Ангиотензин II - барлық белгілі вазоактивті агенттердің арасынан, ең күшті қан тамырын тарылтатын фактор болып табылады. Ол ЮГА клеткалардан рениннің бөлінуін тежейді және бүйрекүсті безінің қыртысты қабатында альдостероның түзілуіне әсер етеді. Октапептид - ангиотензин II бүйрекүсті безі, қыртысты қабатының шумақты аймағында орналасқан арнайы рецепторлармен байланысады және клеткаішілік Са2+ - ионы мен метаболиттер - фосфатидилинозитолдардың концентрациясын өзгерту арқылы альдостеронның түзілуін стимульдейді Ренин – ангиотензин – альдостеронды жүйесі. Альдостерон – клеткаға өте алатын гормон. Альдостеронның нысана – клеткалары: бүйрек каналдарының дистальды түтікшелері мен бүйректің жинаушы түтікшелері болып табылады Сондықтан, бүйректің осы бөлігіне әсер етіп, Na+ - реабсорбциясын күшейтеді, нәтижесінде сол аймаққа фильтрленген натрийдің - 90%-ы реабсорбацияланады. Гормон – рецепторлық кешен хроматинмен байланысып, спецификалы гендердің транскрипциясын реттейді. [30]. 370 ( 9.5). Альдостерон арттырады: 1. Альдестерон клеткаішілік рецепторлармен байланысып, клетканың апикальды мембранадағы натрий каналдардың санын арттырады, бұл клеткаішілік Na+ -ны деңгейін жоғарылатады; 2. Гендердің транскрипциясын индукциялау арқылы белок синтезін және гендердің транскрипциясын стимульдейді, нәтижесінде натрийдің артық мөлшері негізгі клеткаларға еніп, базолатеральды мембранадағы Na⁺, К⁺, АТФ-азаны активтейді. Na⁺-дің орнына алмасу арқылы, К⁺ клеткаға белсенді тасымалданады. Осылайша, К⁺ калийлі каналдар арқылы канал қуыстарына белсенді түрде секрецияланады. 3. Гендер транскрипциясын индукциялау арқылы митохондриалық ферменттің ( цитратсинтаза) активтенуі АТФ-ің 371 түзілуіне ықпал етеді, ал АТФ мембранадағы Na⁺, К⁺, АТФазаның активтенуіне және синтезделу арқылы мөлшерінің артуына ықпалын тигізеді. 4. Альдостерон организмнен K+ мен NH4 + иондарының бөлініп шығуына септігін тигізеді. Түтікшелердегі сұйықтықтар құрамындағы Na+ ионы бүйрек клеткаларының апикальды беткейін жуып, жылжу арқылы, натрий түтікшелерімен пассивті клеткаға енеді. әрі қарай, бұл иондар интерстициальды сұйықтыққа тасымалданады. Мембрана арқылы тасымалдануы клетканың серозды жағындағы клетканың Na⁺/ К⁺- АТФазасының қатысуымен жүзеге асады. Ангиотензиноген (б₂ белогы – қандағы глобулинді фракция) Ренин Ангиотензин I (декапептид) Ангиотензинге айналдырушы фермент Ангиотензин II (октапептид) Na+ ионы іркілуінің екі салдары: 1. Осмостық қысымның жоғарылауы, вазопрессиннің түзілуін арттырады. Бұл судың іркілуіне әкеледі, нәтижесінде қанның көлемі қалпына келеді. 2. Na+-ң жоғары концентрациясы, бұлшықет қабырғасының вазоактивті заттарға үлкен сезімталдығын қалыптастырады. Бұл, ангиотензин II –ің қан тамырларына тікелей әсер етуімен бірге, артериалды қысымды тұрақты деңгейге дейін қалпына келтіреді. Ангиотензинтүрлендіруші ферменттің ингибиторын артериальды гипертензияны емдеуге пайдаланады. Вазопрессин (антидиуретикалық гормон, АДГ) Вазопрессин (антидиуретикалық гормон, АДГ) –гормон гипоталамуста синтезделіп, гипофизге өтеді, сонан қанға түседі. Вазопрессин секрециясының стимульденуі: 1. Қанның осмостық қысымының жоғарылауы, мидың осморецепторлары арқылы қабылданады. 2. Қан көлемінің азайғандығын, қан тамырларындағы барорецепторлар қабылдайды. 372 3. Ауырсыну, қозу, АДГ үш түрлі клеткаларға: - бүйрек түтікшелері клеткалары; - қан тамыры тегіс бұлшықет клеткалары; - бауыр клеткаларына әсер етеді; Бүйрек түтікшелері клеткаларында вазопрессиннің әсерінен цАМФ-тің концентрациясы жоғарылайды, протеинкиназа активтенеді және дистальды бөлігіндегі бұралған түтікшелер клеткалары мембраналарындағы белоктар және жинағыш түтікшелер фосфорилденеді. Мембрана суды өткізе алатын болады. Су біріншілік зәрден клеткаға, сонан соң қанға өтіп, сұйықтық көлемін көбейтеді және осмостық қысымды төмендетеді. Судың тасымалдануына қатысатын және вазопрессин әсер ететін белок – аквопорин деп аталады. Тегіс бұлшықек қабатының жиырылуы және цитозольдегі кальций концентрациясының жоғарылауы, тамырлардың реакциясы болып табылады Бауырда, АДГ гликогенолизді және глюконеогенезді стимульдейді. Осындай әсерлердің пайда болуы, кальций концентрациясының артуына байланысты. Жүрекшелік натрийуретиялық фактор (ЖНФ) – жүрекшелерде (негізінен, оң жақ жүрекшеде) синтезделеді және айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы кезінде, секрециясы активтенеді. ЖНФ – табиғаты полипептид, 28 амин қышқылдары қалдықтарынан құралған. Ол жүрек көлемінің ұлғайуына, сонымен қатар жүрек қысымының жоғарылауына әкелетін, кез – келген қолайсыз жағдайларда секрецияланып, жүректе жиналады. ЖНФангиотензин II –ің физиологиялық антагонисті болып табылады. ЖНФ-ның ангиотензин ІІ мен альдестероннан айырмашылығы, тамыр көлемін тарылтады және артериялық қысымды төмендетеді. Әсер ету механизмі: Мембранды-цитазольды механизмнің, гуанилатциклазды жүйесі арқылы әсер етеді. Гуанилатциклазаны активтейді және цГМФ-ің концентрациясын жоғарылатады. Тамырларды кеңейтеді (қысымды төмендетеді), натрийдің, демек судың жоғалуын ынталандырады. [34]. ЖНФ-ің рецепторлары клетка мембраналарының шумақтық аймағында орналасқан, осы жерде ол альдестеронның секрециясын ингибирлейді және сәулелі аймақтың клеткаларында кортизолдың бөлінуін ингибирлейді. ЖНФ гормонының биологиялық әсері: - Бүйрек арқылы натрий мен су шығарылуы артады. 373 - Альдестерон бөлінуі және ренин синтезі төмендейді. - Антидиуретикалық гормонның (АДГ) бөлінуін төмендетеді. - Тікелей вазодилатацияны* шақырады