С++ те бағдарламалау пәнінен дәрістер


putchar(x) – x -тің символдық мәнінін экранға шығарады. getch()



бет58/79
Дата07.02.2022
өлшемі380,73 Kb.
#94133
түріПрограмма
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79
Байланысты:
Дәріс сабақтары С каз

putchar(x) – x -тің символдық мәнінін экранға шығарады.
getch() – пернетақтадан енген символды экранда бейнелемей енгізуге арналған. getch()функциясының параметрлері жоқ.
Ескерту: putchar() функциясында форматты жолды көрсетуге болмайды.


Жолдармен жұмыс
Жолдық тұрақты – бұл тырнақшаға алынған символдардың кезектілігі.
Жолдық символдардың ішінде арнайы символдық тұрақтылар кодына сәйкес басқарушы кезектіліктер болуы мүмкін.
Жолды жадыға орналастырғанда, транслятор оның соңына автоматты түрде '\0' символын , яғни, нөлдік байтты орналастырады.
Программада жолдарды жеке символдардан түрлендіріп, жолды аяқтау белгісінің келісімін сақтау керек.
Жолдың ұзындығы – бұл +1 жолындағы символдадың саны (нөлдік байт қосу есебінен).
Жолды жазуда бір символ болуы да мүмкін, мысалы, "A", бірақ, "A" символдық тұрақтысына қарағанда, "A" жолының ұзындығы екі байтқа тең.
Си тілінде жолдар үшін жеке тип жоқ.Жол-бұл символдардың массиві деп қабылдауға болады. Бұндай массивтегі символдар саны сәйкес жолдық тұрақтыда бейнеленгеннен 1 – ге артық (нөлдік байт қосу есебінен).
Символдар массивіне (яғни, жолға) қарапайым меншіктеу көмегімен мән меншіктеуге болмайды.
Символдар массивіне инициализация (символды массивті сипаттауда) көмегімен немесе енгізу функциясының көмегімен жолды орналастыруға болады.
scanf() және printf() функцияларында символдық жолдар үшін %s спецификациясы қолданылады.
Жолды шығару үшін puts(s) функциясын қолдануға болады, мұндағы s – жол.
char типті массивті инициализациялаумен бірге сипаттауда жолдың ұзындығын көрсетпеуге болады.


Мысал:
Экранға жолды шығару.

#include


main()
{
char x[]="Привет";
printf("\n%s",x); /* бұл оператордың орнына puts(x) қолдануға болады * /
}


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Жол дегеніміз не?

  2. Программада жолды қалай сипаттауға болады?

  3. Жолдық берілгендерге қандай операциялар қолдануға болады?

  4. Жолдың жеке символына қалай рұқсат алуға болады?

  5. Жолдармен жұмыс жасаудың қандай функциялары бар?

  6. Екі жолды қалай салыстыруға болады?

  7. Жолдық айнымалыға мәнді қалай меншіктеуге болады?

  8. Жолдың ұзындығын қалай анықтауға болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет