С температурада сүттің бактерицидтік қасиеті үш сағатқа, 15


Балмұздақты микробиологиялық зерттеу тәсілі



бет57/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#80676
түріҚұрамы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
сүзбе технологиясы

Балмұздақты микробиологиялық зерттеу тәсілі: Жалпы микробпен ластануды анықтау. Оқшауланған микроб колонияларын алу мақсатында балмұздақ сынамасын алдын-ала стерильді ауыз суында немесе физиологиялық ерітіндіде сұйылтады. Ол үшін 1 г сынаманы 9 мл суы немесе физиологиялық ерітіндісі бар пробиркаға енгізеді де бірінші сұйылтуды 1:10 алады. Жаңа стерилді пипеткамен сұйықтықты араластырып 1 мл-ін келесі пробиркаға құяды, осылай 1:100, 1:1000 дейін жалғастырады. Соңғы 3 пробиркадағы сұйықтықты стерильді Петри аяқшаларына енгізеді де, үстіне 40-45°С-ге дейін суыған агарды құяды. Дұрыс нәтижелерін алу мақсатында әр сұйылтуды 3 аяқшаға егеді. Агар суыған соң, аяқшаларды 37°С температурадағы термостатқа қояды, 48 сағаттан кейін өскен калонияларды санайды. 1 мл сынамадағы бактериялардың жалпы санын анықтау үшін, әр аяқшада өскен колонияларды сәйкес сұйылтуға көбейтеді. Алынған нәтижелерді әр аяқшаға есептеп санайды, саналған аяқшалардың жалпы санына бөледі және арифметикалық орташаны шығарады, ол соңғы нәтижесі болып табылады. Зерттелген объектінің 1см2 жалпы микробтар санын көрсету үшін, алынған сынаманың 1мл 0,1 көбейтеді. (себебі 1мл сынамадағы бактерия саны 100 см2 бактерия санының 1/10 тең ). Ішек таяқшасы тобының бактерияларын анықтау. Балмұздақтың 1 мл ертіндісіні 5 мл Кесслер ортасы құйылған пробиркаға егеді. Пробиркаларды термостатқа (37+1) 0С 48 сағатқа қояды. Егер пробиркаларда газ түзілмеген жағдайда ішек таяқшасы тобының микроорганизмдері жоқ деген қортынды жасалады. Алынған нәтижелерді талдау. Балмұздақ сынамаларына зерттеу жүргізгеннен кейін оның сапасына қортынды берілуі керек.
Бақылау сұрақтары:
1.Балмұздақты өндіру технологиясын атаңыз.
2.Балмұздақтың жіктелуі.
3.Балмұздақтың қышқылдылығын анықтау әдісін атаңыз.
Әдебиет: С.А.Бредихин и др. Технология и техника переработки молока . М. Колос, 2003. В.И.Криштафович и др. Товароведение и экспертиза продовольственных товаров. М., 2008. МемСТ 13264-88; МемСТ 3623-73; МемСТ 3624-73; МемСТ 3626-73; МемСТ 9225-84; ТУ 371-89; ТУ1002-02-5587; ТУ 10 РФ 20-07-92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет