356
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
әр түрлі жасушалары АТЖ кызметін аткарады. Көпшілік тіндерде
дендритті жасушалар бар және олар көбінесе жоғары дәрежеде МНС-
комплекстін II класына жататын антигендерін экспрессиялайды, сол
себептен дендритті жасушаларды салынған тіннін негізгі АТЖ-лары
деуге болады. Кейбір салынған тіндер мен мүшелер (бүйрек, айыр-
ша без, ұйкы безі) лейкоциттерінін реципиенттегі аймактык лимфа
түйіндеріне көшетіндігі аныкталған. Ол донордын АТЖ популяция-
сы — жолаушы лейкоциттер деп аталған. Бүл жолаушы лейкоцит-
тер дендритті жасушаларға жатады және олар жоғары денгейде МНС
II класс молекулаларын экспрессиялайды (калыпты деңтейлі МНС
I класс антигендерімен бірге) және көпшілік сүткоректілердін мидан
баска, барлык тіндерінде кен тараған.
Жолаушы лейкоциттер, донор тіндерінін МНС-аллоантигендерін
экспрессиялайтындығынан, олар бөгде зат болып танылады және сол
себептен, олар реципиенттін лимфа түйіндеріндегі лимфоциттерінін
иммунды белсенуін стимулдайды, яғни олар реципиенттін Т-хелпер-
лерін «тікелей» белсендіреді. Т-хелперлердің тікелей белсенуі салынған
тінде өте күшті тұрактамау серпілісі өтуіне себеп болады. Сонымен,
жолаушы лейкоциттер трансплантат тұракталуына өте күшті әсер
көрсетеді деуге болады.
Жолаушы лейкоциттер иммундык жүйеге аллоантигендерді таны-
стыратын жалғыз ғана жасушалар емес. Мысалы, тері немесе кейбір
баска тіндерді салған кезде, жолаушы лейкоциттер негізгі кызметті
аткармайтындығы белгіленген. Иммундык жүйеге аллоантигендерді
айырып таныстыратын баска түрлі жасушалар — Лангерганс жасуша-
лары және кантамырлардың эндотелиалды жасушалары да кіреді. Бр
екі түрлі жасушалар да МНС-тын I де, II де класс антигендерін экс-
прессиялайды.
Реципиенттін де АТЖ-лары алмастырған тінге өте алады және сол
трансплантаттын бөгде аллоантигендерін (бас гистосәйкестік моле-
кулаларын) жұтып, өздерінің МНС-молекулаларымен өндірілген
пептидтік фрагменттер түрінде иммунды хабарлы лимфоциттерге та-
ныстыра алады, яғни реципиенттін АТЖ-лары өз Т-лимфоциттерін
«тікелей емес» түрінде белсенділендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: