4 8 6
IV Б ө л ім . И м м у н д ы п а т о л о г и я ж ә н е и м м у н д ы п р о ф и л а к т и к а
Вакциналарды молекулалы клондау әдісімен алу
(рекомбинантты вакциналар)
Рекомбинантты ДНК, технологиясы антигеннін бүкіл нәруызды мо-
лекуласын немесе оның фрагментін кадағалайтын гендерді алуға, олар-
ды керекті векторға енгізуге және сәйкес жасушаларда экспрессиялауға
мүмкіндік береді.
Соңғы кездері иммуногендігі жоғары және патогендігі жок бірқатар
тірі вакциналар
алынды, оларда
бактериялар мен вирустардың реком-
бинантты турлері
колданылады. Бұл вакциналардын иммуногендігі
жоғары, ал патогендігі мүлдем жок. Сондай-ак олардың реактогендігі
төмен және корғаныс әсері жоғары.
Осындай түрдегі вакциналарды вектордын көмегімен бір микробтын
немесе вирустын генін вируленттігі аз екінші бір микробка немесе
вируска (мысалы, сальмонелланың патогендігі төмен штаммына неме-
се осповакцинаның вирусына) енгізу жолы аркылы алады.
Шешек вакцинасының вирусы және басқа кұрамында ДНК бар ірі
вирустар антигенді нәруызды кадағалайтын бөгде гендерді клондау
кезінде вектор кызметін аткара алады. Бұл кезде рекомбинантты ви-
рус жануарлар мен дакылдандырушы жасушалар үшін жұкпалылығын
сактайды, ал вирус ДНК енгізілген гендер кадағалайтын антигенді
нәруыздар жұктырылған жасушаларда өндіріле бастайды және олардын
плазмалык мембранасына орналасады (22.2-сурет).
+
Қоздырғыштың
антигенді пептидін
негіздеуші ген
Плазмида
Сиыр
шешегінің
вирусы
+
Достарыңызбен бөлісу: