196
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
болатын ісікерекшелік антигендер пайда болады. Осы антигендерге
карсы бағытталған адаптивті иммундык жауап ісікке карсы иммунитет
дамуының негізінде жатыр.
Кешендік антигендердіңтағы да бір
маңызды түріне экзогендік
гаптендердің
(дәрі-дәрмек, олардың метаболиттері, тұрмыстык,
өнеркәсіптік және ауылшаруашылык өнімдері, тағамдык бояулар,
консерванттар, тұрактандырғыштар және т.б.)
агзаның өзінің тасымал-
даушы нәруыздарымен қосылу нәтижесінде паида болатын антигендер
жатады. Осындай кешендік антигендер ағзада бөтентекті гаптендерге
карсы антиденелер түзілісін шакыра алады, бұл жағдай аллергиялық
серпілістің (аллергияның тағамдык, дәрілік және т.б. түрлері) пайда
болуына, ал кей кезде аутоиммундык үдерістердін (бауыр циррозына
ауысатын токсикалык гепатит) өршуіне әкеле алады.
Кешенді антйгендердің негізгі түрлеріне
«өзінікі»
мен
«бөгденікі»
үйлесімі тән.
Достарыңызбен бөлісу: