Қорқыт атаның нақыл сөздері
|
Қазіргі қазақ мақал-мәтелдері
|
1
|
Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас, Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.
|
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер
|
2
|
Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі.
|
Жақсы бала әкесінің есіктегі басын төрге сүйрер,
Жман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрер.
|
3
|
Жат баланы қанша сақтасаң да ол ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.
|
Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.
Ер – туған жеріне,
Ит – тойған жеріне
|
4
|
Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі.
|
Өтірікшінің шын сөзі де зая.
|
5
|
Ажал жетпей өлмек жоқ.
|
Ажал жетпей жан шықпас.
|
6
|
Бас аман болса, бөрік табылады.
|
Бас аманның малы түгел.
|