Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар


Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет22/60
Дата07.02.2022
өлшемі290,67 Kb.
#94279
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60
Байланысты:
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Google сайты қандай сайт?

  2. Ғаламтор арқылы қажетті ақпаратты қалай іздеуге болады?

  3. Сенімді әдебиеттер дегенімізді қалай түсінесіз?

  4. Сенімді әдебиеттерді қалай табуға болады?

  5. Зерттеу сұрағын қалай айқындауға болады?



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
1. Кестеде берілген сайттардың қайсысынан академиялық бағытта жазылған әдебиеттерді табуға болады?



Сайт атаулары

Академиялық бағыт

Академиялық бағытта емес

scholar.google.







nur.kz







elsevier.com







scimagojr.com







dalanews.kz







massaget.kz







kazneb.kz







2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:



  1. Оқып жатқан мамандығыңыз қандай? Мәселен, заңгер, экономика, технолог және т.б.

  2. Жалпы зерттеу тақырыбыңыз қандай?

  3. Тақырыбыңыз бойынша қандай ойыңыз бар? Не себепті осы тақырыпты зерттеңіз келеді? Бұл тақырып бойынша қазіргі кезде қандай пікірлер бар? Қандай тұжырымдар жасалған?

  4. Зерттеу мақсатыңыз қандай?

  5. Бұл тақырыпты қалай зерттемекшісіз?


Тәжірибелік сабақ №14-15-16-17
Тақырып: Жазылым үдерісі
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Зерттеу анықтамасы
2. Ғылыми әдебиеттерге шолу
3. Жоспарлау


Мақсаты: Зерттеу дегеніміз анықтама беру. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасап үйрету. Жекелеген жұмыс жасауға баулу. Зерттеу жұмысының жақсы жазылғандығын талдау.

Ғылыммен айналысатын немесе зерттеу жұмысын жүргізіп жатқан кез келген адам өзінің күнделікті уақытын өзіне ыңғайлы етіп жоспарлап алады. Өзінің жұмысы мен атқаратын қызметіне байланысты жекелеген мақсаты мен міндеттері болады.


Академиялық бағыттағы мәтіндердің күрделігі мен құрылымына байланысты оларды жазуға деген уақыт тығыз болып жатады. Көптеген студенттер жазба жұмысының өткізілетін уақытының келіп қалғанын мүлдем байқамай қалады.
Жазылым барысында ең алдымен есте сақтайтын жайттардың бірі-жазба жұмысын мерзімінен бұрын аяқтау. Аяқталған жұмысты бірнеше уақыт өткен соң қайта оқу барысында, автор өзі жіберген қателер мен кемшіліктерді аңғаратыны сөзсіз.

Зерттеу дегеніміз не? Зерттеу дегенімізді қандай да бір сұраққа жауап беру үшін мәлімет іздеу деген қарапайым анықтамамен түсіндіруге болады. Кітап, жаңалықтар көру де зерттеу болып табылады. Академиялық бағытта жазылатын зерттеулердің өзіне тән ерекшелігі болады. Академиялық бағытта жасалған зерттеу жұмыстары өзінің зерттеу сұрақтарына, мақсатына, пәніне, бағытына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Ғылыми әдебиеттерге зерттеу жасалынады.


Ғылыми әдебиеттерге шолу. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау барысында студент өз алдында дербес жұмыс жасауы қажет. Студентке тақырып бойынша жеке ойлауына және өз бетімен ізденуіне мүмкіндік береді. Ғылыми бағытта жазылатын жұмыс сапасының артуына ықпал ететін бірден-бір фактор.


Жекелеген жұмыс жасау дегеніміз студенттің өз еңбегін өзге авторлардың байланыссыз, дербес жазылуы тиіс деген сөз емес.


ЖОО-да білім алудағы мақсаттың бірі – жақсы ғылыми білімді, көзқарасты, ойды, идеяны туғызу, дамыту және тарату. Жаңа білім кез келген уақытта және әр түрлі жағдайда бірнеше ғалымдардың бірге жұмыс жасауымен ғана туындауы мүмкін.
Студент зерттеу жұмысын жасау барысында:

  • Зерттеу сұрағын туындату және оған жауап беретін аргументтерді құруды білуі керек;

  • Өзгелердің жапсаған зерттеуін жетілдіруі қажет;

  • Өз зерттеу жұмысын жоғары деңгейде жазуға, бағалауға ұсынуға, жетекшісімен талқылауға, өзге студенттермен тәжірибе бөлісуге тырысуы керек.

Мұндай үдерістің дұрыс жолға қойылып, орынды жүзеге асуы қашанда ғылыми жетекші маңызды орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет