Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар


Ашық сұрақтар мынадай мәліметтерден құрылуы мүмкін



бет49/60
Дата07.02.2022
өлшемі290,67 Kb.
#94279
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
Байланысты:
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Ашық сұрақтар мынадай мәліметтерден құрылуы мүмкін:

  • «Сіз негізінен қандай тауарлар сатып аласыз?»

  • «Сіз тауарды қайдан сатып аласыз?»

  • «Бұл жерде сауда жасау жөнінде кім кеңес берді?»

Сонымен қатар, ашық сұрақтар бұған дейін қойылған сұрақтарды нақтылау үшін де өте маңызды. Мәселен, «Неліктен бұл орынды таңдап алдыңыз?».
Жабық сұрақтар арнайы мәліметтерді жинау үшін қолданылады. Яғни, жауап беруші берілген мәліметтер ішінен жетісін таңдауына тура келеді. Мұндай сұрақтардың жауабы ия немесе жоқ; рас немесе жалған; келісемін немесе келіспеймін деп беруге болады.
Жабық сұрақтар мынадай түрде берілуі мүмкін.

  • «Осы дүкеннен бұрын тауар сатып алатвн ба едіңіз?» (ия немесе жоқ)

  • «Егер сатып алсаңыз, қаншалықты жиі сатып аласыз». Мәселен, мұндай сұрақтардың жауабы «аптасына бір рет», «айына бір рет» және т.б. негізде құрылуы мүмкін.

  • «Дүкеннің қызмет көрсету сапасына қаншалықты көңіліңіз толады?» Мұндай сұрақтардың жауабы «өте жоғары» деп берілуі мүмскін.

  • «Дүкенде сауда жасауды басқаларға ұсынар ма едің» (Иә/жоқ)

Сонымен қатар, сұрақтарды құрастыруда мына жайттарды ескеру қажет:

  • Зерттеу сұрақтарының орналасу реті өте маңызды. Жауабы зерттеуші үшін маңызды деген сұрақтардан басталғаны дұрыс. Сұрақтар күрделі грамматикалық құрылыммен жазылғаннан да қарапайым түсінікті тілмен жазылуы тиіс.

  • Тақырыптары ұқсас сұрақтарды бірге топтауға тырысу керек, бұл жауап берушілерге жылдам, әрі оңай жауап беруге мүмкіндік жасайды.

Кейбір зерттеушілер сұрақтарды араластырып беруге мүмкіндік береді. Бірақ, мұны зерттеу жұмысын жүргізуден тәжірибесі бар адамдар жүргізгені дұрыс.
Сонымен қатар, тест сауалнамасын жүргізген де дұрыс, себебі шағын топтан жылдам сыни пікір алып зерттеу туралы қорытынды жасауға көмектеседі.
Зерттеу барысында жиі кездесетін қателік зерттеу сұрақтарын дұрыс құрмау.
Сауалнама сауалдарын құрып болған соң, оны таратудың жолын қарастыру қажет. Сауалнамаларды ғаламторды қолдану арқылы таратуға болады.
Сауалнаманы таратпай тұрып, оны тексеріп алған жөн. Яғни, сұрақтардың түсінікті және орынды қойылғанына көз жеткізу қажет. Содан кейін сауалнаманы таратуға болады.
Сұхбат алу. Зерттеу әдісінің кең таралған түріне сұхбат алу жатады. Сұхбат алушы мен сұхбат беруші арасында бетпе - бет жүзеге асады. Ол зерттеу жұмысының кең қолданылатын дәстүрлі түрі. Сұхбат алу барысында мына жайттарды есте сақтаған жөн:
- Сұхбат беруші өзіне қызықты мәселе болмаған соң, уақыттарын зеттеу жұмысына жасауға құлықсық болуы мүмкін;
- Ойыңыздағы қиын сауалды бетпе-бет барысында сұхбат алу ыңғайсыз болуы мүмкін;
- Сұхбат берушінің лауазымы немесе дәрежесі, жасы жаражды болатын болса, сұхбат беру барасында басымдық танытып кетуі мүмкін. Сұхбат алушы батыл түрде ойындағы сұрақтарына жауап алмай қалу қаупі бар.
Жалпы сұхбат уақытын алдын ала келісіп, этикалық құжаттарды толтырып, сұхбат берушіге өзінің кім екенін дәлелдейтін құжаттармен барған жөн. Сұхбат алар алдында сұхбат беруші келісімін алып, мәліметтің тек ғылыми бағытта қолданылып, жеке басына қатысты ешқандай ақпараттардың таратылмайтыны жөнінде кепілдеме қағазына қол қойып таныстыру қажет.
Зерттеуге қажетті амал (сауалнама және сұхбат) арқылы мәлімет жинақтағаннан кейін зерттеу нәтижесін талдауға кірісуге болады. Зерттеу нәтижесін талдау қолданылған зерттеу сұрақтарына байланысты. Әрбір жауапқа қажет болған жағдайда статистикалық амалдарды қолдана отырып талдауды бастау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет