Мәтін түрлері мынандай:
оқулық
газет мақаласы
журнал мақаласы
баяндама
онлайн құжат
кесте, сурет, сызбалар.
Уақытты үнемдеу мен тиімділікті арттыру үшін кез-келген студент өзінің оқылым стратегиясын қалыптастыруы шарт. Оқылым стратегиясын арттыратын амалдарға мыналар жатады:
Оқу жылдамдығы
Негізгі сөздер мен тіркестерге шолу жасау
Параграфтарға шолу жасау.
Оқылым әдістерін қолдануына тура келеді:
Зерттеу – мәтінді оқымас бұрын тақырыбын, тақырыпшыларын, мәтіндегі сурет, сызбағ кесте астындағы сөздерді, мәтіннің кіріспесі мен қортындысын және оның түйіндемесін мұқият оқып, зерттеа алу керек.
Сұрақ қою – тақырыпты сауалға айналдыруға тырысу керек. Егер оқулық болса, бөлім соңындағы сұрақтарды оқыған дұрыс «Мен бұл тақырып туралы осы кезге дейін не білемін?» және «Бұл тақырып туралы дәрісте не айтылды?» деген сұрақтарды үнемі өз-өзінен сұрап отыру керек.
Оқу – оқылым әрекетін бастаған кезде асты сызылған, қарамен жазылған немесе курсивпен жазылған сөздерге мән беру керек. Себебі, автор негізгі ойлары мен курсивпен жазылған сөздерге мән беру қажет. Себебі, автор негізгі ойлары мен қажетті ақпараттарды ерекшелеп беруге тырысады.
Дұрыстап оқу – әрбір бөлімнен соң дауыстап қазір ғана оқығаныңызды өз – өзіңізден дауыстап сұрау керек. Әрбір бөлімге қорытынды жазуға тырысу қажет.
Қайталау – оқығанды қайталау үшін мынандай амалдарды орындау қажет.
Оқылым әрекетін тиімді жүзеге асыру үшін мына кеңестерді еске сақтау қажет:
Мәтінді жылдам және түсініп оқу жанрына байланысты екенін ұмытпау
Әрбір сөзді басынан бастап қайталап оқудың тиімсіз екенін ескеру
Тақырыпты оқып, ол туралы осыған дейін білетін ақпараттар туралы ойлану
Алдымен мәтінге көз жүгіртіп шығу
Кіріспесі мен қортындысын оқып шығу.
Достарыңызбен бөлісу: |