Таңу түрлері және дененің әртүрлі бөліктері: кеуде, іш-құрсақ, шат жараланғанда зарарсыздандырылған таңу ережелері. Кеудеге зарарсыздандырылған немесе айқыш-ұйқыш таңғыш салынады.
Шиыршықты тану үшін ұзындығы 1,5м. дерлік бинттің ұшын үзеді де, оны сау иыққа салып, кеудеде (26-а сурет ) қиғай (1)1 салбыратып қалдырады. Төменнен жотадан бастап, шиыршықты I жүрістермен (2-9) кеуде клеткасын бинттейді, бинт кесегінің еркін салбырап тұрған ұшын байлайды.
Кеудені (26 б сурет) айқыш-ұйқыш байлауды төменнен айналмалы, бинттің белгіленген 2-3 жүрісімен бастайды (1-2), одан үрі арқадан он, жақтан сол иыққа (3), белгіленген айналмалы жүріспен (4), төменнен оң иық арқылы (5), қайтадан кеуде клеткасы төңірегіне әкеледі; соңғы айналым жүрісіндегі бинттің ұшын түйрегішпен бекітеді.
26 сурет. Кеудені таңу:
а) шиыршықты б) айқыш-ұйқыш.
Кеуде клеткасының сұғыла жаралануы жағдайында зарарсыздандырылған таңу (пневмоторакс) 5 сурет.
Іш-құрсақ тұсының тесіле жаралануы жарақаттанушы өмірі үшін неғұрлым қауіпті болып табылады (жара арқылы ішкі органдар, ішек тұзақтары және шарбы май түсіп қалуы мүмкін, күшті қан ағысы пайда болады). Іш органдары түскенде, оларды қайтадан құрсаққа тығуға болмайды. Жараны түскен ішкі орган төңірегінде зарарсыздандырылған салфеткамен немесе зарарсыздандырылған бинтпен жауып қойған жөн. (27 сурет). Салфеткаға жүмсақ мақталы –дәкелі сақина қойып, оны онша қатты тартпай байлау керек. Қарынның жоғарғы бөлігіне зарарсызданған таңғыш тартылады, бұл жағдайда бинттеу төменнен жоғары қарай кезектескен айналмалы жүрістермен жүргізіледі. Құрсақтың төменгі бөлігіндегі байлам сырғып кетеді, сондықтан қарын мен шатқа масақ тәрізді таңу пайдаланылады (28 сурет). Ол қарын төңірегіндегі айналмалы жүрістерден басталады (1-3), содан кейін бинт жүрісі бүйірдің үстінен (4) бүйірдің сыртқы бетімен (6) оны айнала (5) өтеді және одан әрі қарын төңірегінде айналмалы жүрістер қайталанады (7).
27 сурет. Іш- құрсақтың төменгі
а) жағына және шатты
б) масақ тәрізді таңу.
Бұттағы жаралар көбіне кіші жамбастың, қан тамырларының, жүйке орімдерінің және жыныс органдарының зақымдануына әкеліп соғады. Көмек көрсету жараға зарарсызданған таңу қолданылады, естен тануға қарсы шаралар қолданылады.
Шат төңірегіндегі жараға Т түріндегі бинттік таңу жүргізіледі немесе бірбайлам көмегімен таңылады (28 сурет).
28 сурет. Бұтты бірбайлам таңуы.
Ең алдымен жараны зарарсызданған салфеткамен жабады, оған мақта қабатын қояды. Т түріндегі таңу бел төңірегіне бинттен жасалған белдіктің көмегімен жүргізіледі. Белдікке шат арқылы өткен бинттің барлық жүрістері бекітіледі.
Бірбайламды пайдаланумен таңу оңай, оның барлық үш шетін бір түйінге байлайды да, таңуды беріктетіп қояды.