Салт атқа дұрыс отырудың негізгі ережелері
Салт атпен жүре білудің негізгі 3 элементтен тұрады.
1.
Жылқыға міну әрекетін шыңдау:
2.
Жылқы мен адам арасындағы қарым – қатынас жетістігі:
3.
Жылқыны басқару амал тәсілдеріне ықпал етуді үйренушіні
Бұлардың барлығын түсініп білу үшін терминнің мазмұнымен танысу керек. Жылқыға
дұрыс отыра білу ол салт аттымен жылқы арасындағы толық үйлесімділікті білдіреді, яғни екі
жақтың бірігіп қимыл ырғағына кіруі. Атқа дұрыс міне білетін салт атты жүріс кезінде аяқ –
асты жағдайда өз денесін қалай тепе- теңдік қалыпта ұстап қалуды мүлдем ойламайды оның
барлық іс – әрекеттері автоматты түрде түйсіксіз орындалады. Ол ер толқымда табиғи
теңдестік (баланс) көмегімен отырады және ат үстінде бұлшық еттерін босаңсытып, жылқы
қимылының ырғағына ене алады.
Қалайда болмасын, адамдардың дене бітімі әртүрлі болып келеді, сондықтан оларға
ерге отырудың қандайда бір мөлшерлі өлшеуін ұсынуға болмайды. Осыған орай жылқыға
дұрыс міне білудің бірнеше мәнісін атап өтейік:
Мініс кезінде мүмкіндігінше ер тоқымның ең терең бөлігіне отырып, ер тоқыммен бір
тұтас болып кету керек. Онымен қоса ат үстінде отырғанда екі аяқты екі жаққа жіберіп
жанбасты ер тоқымға тигізіп, содан кейін денені тік ұстап, шынтақтарды кеудеге жақын
орналастыру қажет болып табылады.
Омыртқа бөлігіндегі сегіз көздің жұмысы тепе- теңдігін сақтауда және жылқы
қимылының ырғағына енуіне ықпалын тигізеді. Сегіз көз бөлігі алға қарай иілген және әбден
босаңсыған қалпында болуы тиіс. Бұл салт аттының негізгі топсасы, яғни бұны тұла бой
(кеуденің жоғарғы бөлігі) шлюсс (сан жанбастың ішкі беті), шен кел (тізеден төменгі бөлік)
деп бөлуге болады. Бұл бөліктерді қарастыратын болсақ, онда шлюсс ер тоқымға жанасып
тұруы керек, ол негізгі ось болып табылады, бұл біздің ары бері айналуымызға мүмкіншілік
береді. Шен кел – жылқыны басқару үшін қолданылады. Ал еркін тұла бой тепе – теңдік
сақтаумен жылқыны басқаруды жүзеге асырады. Бұндай көрініс дұрыс, икемді және атқа
отыруға кепіл береді.
Сурет 14 Аяқты үзеңгіге дұрыс салу,атқа отырғандағы ең ыңғайлы аяқ киім-етік
Сурет 15-16 Табаны кедір-бұдыр аяқ киім үзеңгіден аяқты шығарғанда кедергі жасайды және
жұмсақ аяқ киім ді киген дүрыс емес өйткені аяқ үзеңгінің арғы жағынан шығып кетеді.
Ал керісінше аталған жайыттарды қарама – қарсы қарастыратын болсақ, онда турист
бұндай кезде әбден шаршап – шалдығады. Өкінішке орай отырыс ережесін бірден қадағалап
отыру керек. Себебі аттар шортақтап жүргенде мұндай отырыс мүлдем жарамсыз болып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |