Сабақ жоспары: Фольклортану ғылымы туралы зерттеулер 2



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата10.12.2021
өлшемі376,28 Kb.
#78916
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ЛЕК 2

    Қыз  бен  жігіт  айтысы.

Бұл  айтыс  халықтың  әдет-ғұрып  салтына 

байланысты  ойын-сауықтар  кезінде  айтылған  және  ол  ойын-сауыққа 

жиналған  жұртты  кӛңілдендіру,  күлдіру,  ән  мен  ӛлең  қызығына  батыру 

негізінде  туған.Мұның  алғашқы  үлгілерін  белгілі  ақын  қыздар  мен  жігіттер 

шығарған.Олардың осы айтыстағы ӛлеңдерін кейіннен ӛлең айтуға икемі бар,  

бірақ ӛздерінің ақындық ӛнері жоқ жастар жаттап алып, ойын- сауық кезінде 

айтып  жүретін  болған.Бұл  айтысты  кӛбінесе  қыздар  мен  жігіттер  бастап, 

солар айтатындықтан, халық оны «қыз бен жігіт айтысы» деп атаған. 

   Дін  айтысы.

Тарихшылардың  айтуына  қарағанда  XVI-XVII  ғасырға  дейін 

қазақ  халқы  тұтасынан  бір  дінде  болмаған,  тек  XVII    ғасырдан  бері  қарай 

ислам дінін толық қабылдап алған.Осы кезден бастап ислам-қазақтардың да 

негізгі дініне айналған. 

     Дін  иелері,  қожа-молдалар  қазақ  арасына  ислам  дінін  үгіттеп  жаю  үшін 

ӛлең-жырды,  соның  ішінде  айтыс  ӛлеңдерін  пайдаланған.Олар  халыққа 

түсініксіз  дін  сӛздерін,  діни  шарттарды  кейбір  жалдамалы  ақындар  арқылы 

ұғындырмақ  болған,  кӛпшілікке  түсінікті  ақындық  тілмен  діни  әңгіме-

үгіттерді таратқан.Дін иелері ӛздерінің қолына ұстаған ақындарына әдейілеп 

тапсырып,  жұрттың  жиналған  жерінде  дін  үгіттерін  айттырған,  не  туралы 



және қалай айтуды алдын ала ескертіп те қойған.Осы негізде діни тақырыпқа 

арналған айтыс ӛлеңдері туған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет