9-сабақ жоспары
|
|
Мерзімі:
|
|
Кабинеті:
|
|
Сыныбы:
|
7-сынып
|
Пәні:
|
Қазақ әдебиеті
|
Сабақтың тақырыбы
|
Абай Құнанбайұлы – ұлы тұлға, кемеңгер ақын
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
Мақсаты:
|
Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
|
Міндеттері:
|
Оқушылардың қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру;
Оқушыларды өз бетінше ізденуге, өзіндік ой тұжырымын айтуға үйрету, сөз байлығын дамытуға дағдыландыру;
Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін қастерлеуге, қадірлеуге тәрбиелеу
|
Қолданылатын модуль
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; СТО; Оқыту үшін бағалау; Оқытудағы АКТ пайдалану, Талантты және дарынды оқушыларды оқыту, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытуды басқару және көшбасшылық
|
Қолданылатын
стратегиялар
|
«Тілек», «Жалғастыр..», «Ыстық орындық», «Claster», «Өкіл», «ТВ – шоу», «Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», жұптық жұмыс
|
Ресурстар
|
Интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі қиынды, тапсырма парағы, сызба-кестелер, постерлер, стикер, маркер,
бағалау кестесі
|
Күтілетін нәтиже
|
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы біледі;
Өз бетінше ізденуге, өзіндік ой тұжырымын айтуға үйренеді;
Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін қастерлейді, қадірлейді
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресуртар
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
2 мин
10мин
|
Шаттық шеңбер: сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру
«Жалғастыр» мақал – мәтелдердің жалғасын табу арқылы төрт топқа бірігу
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру
|
Оқушылар бір- біріне сабаққа сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіреді.
Оқушылар мақал-мәтелдерді жалғастыра отырып, төрт топқа бірігеді
«Ыстық орындыққа» ең тапқыр, білімпаз оқушыны өздері таңдап отырғызады.
|
«Бас бармақ»
|
Қиықшалар
Орындық
|
Қызығушылықты ояту
|
3 мин
|
Ақын жайлы шағын видео -презентация
|
Оқушылар ақынның өмірі жайлы ақпаратты еске түсіреді
|
|
|
Мағынаны тану
|
1 мин
|
Абай кім? Claster құру
|
Абай – ақын
Абай – аудармашы
Абай – қарасөз шебері
Абай – сазгер.
|
|
Постер/
Маркерлер/
|
Жаңа материалды қолдану
|
25мин
|
І топ: «Өкіл» әдісі бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы толықтыру, постерде таныстыру
ІІ топ: Абай – ақын.
Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.
ІІІ топ: Абай – аудармашы
Абайдың қандай ақындардан аударған еңбектері мен тақырыптарын айта кетеді.
ІV топ: Абай – қарасөз шебері, сазгер
Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы, өлеңдерін айтады;
Сергіту сәті:
ТВ – шоу:
«Бала Абайдың әлемі» (сұхбаттасу)
Артық болмас білгенің
(Ақынның кітаптары көрсетіледі)
|
Әр топтан өкіл шығып, берілген тақырыптары бойынша жұмыстарды постерде қорғайды.
Бағалайды.
Өз ойларымен бөліседі
Абай туралы мәліметпен танысады
|
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Стикерлер/
Постерлер/
Маркерлер/
Презентация
Ақынның кітаптары
|
Рефлексия
|
2 мин
|
Ақын туралы не білемін?
Не білдім? Не білгім келеді?
|
Өз ойларымен бөліседі
|
|
Кесте парақшалары
|
Бағалау
|
1 мин
|
Оқушыларды біліміне сай бағалау
|
|
|
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
Абайдың кез келген өлеңін жатқа айту
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады
|
|
|