Сабақ жоспары Пән : Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тербелістер және толқындар



бет4/6
Дата25.04.2022
өлшемі167,29 Kb.
#140805
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
mpdf
ҚБ: «Сиқырлы әткеншек»
Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық!»
би билеу


Синтез(12 минут)
Топтық жұмыс «Конверттегі сұрақ» әдісі.
Деңгейлік есептер шығарту.
1. деңгейі:
1.Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасады.Тербеліс периоды мен жиілігі қандай?
2.Торғай қанатының тербеліс жиілігі 10Гц.Оның қанаты 1 минутта қанша тербеліс жасайды?
3.Масаның қанат қағу жиілігі 600Гц,ал араның тербеліс периоды 5мс.1минутта кайсысы қанатын көп қағады?
В деңгейі:
1.Шыбынның тербеліс жиілігі 300Гц.Оның қанаты 1сағатта қанша тербеліс жасайды?
2.Бал арасының қанаты 300 Гц жиілікпен тербеледі,ал маса қанаттарын 1 с ішінде 600 рет қағады.Бірдей қашықтыққа ұшқанда олардың қайсысы қанаттарын көп және қанша есе көп қағады?Бал араның жылдамдығы 6м/с,масанікі 10м/с.
3.Серпімділік күшінің әсерінен пайда болатын тербелмелі қозғалысқа техникалық құралдардан үш мысал келтіріңдер.

С деңгейі:


1.Шектің өшпейтін тербеліс жасайтын нүктесінің амплитудасы1мм, жиілігі1кГц.Нүкте 0,2с ішінде қандай жол жүреді?
2.Шәрбатқа ұшып бара жатқан араның қанаттары 420 Гц жиілікпен,ал кейін қайтарда 300 Гц жиілікпен тербеледі.Шәрбатқа ара 7м/с жылдамдықпен,ал қайтарда 6м/с жылдамдықпен ұшады.Егер ұядан гүлді аймаққа дейінгі ара қашықтық 500м болса,ара қай бағытта ұшқанда қанатын көп қағады және қаншаға көп қағады?
3.Егер адам алтыбақанды түрегеп тұрып тепсе,отырып тепкенге
қарағанда тербеліс периоды өзгере ме?Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
4.Тербеліс үшін үйкелістің маңызы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет