Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет49/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

3.Ұйқы безі.
Ұйқы без қарын мен ұлтабарға жақын орналасқан. Ұйқы безі аралас бездерге жатады; мұнда ас қорытуда маңызды рөл атқаратын ұлтабар сөлі жасалады және углеводтардың алмасуын реттейтiн гармондар (инсулин және глюкоген) бөледі. Мәселен, инсулин бауырда гликогенді глюкозаға айналдырады. Сөйтіп, глюкоген қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатып, ал инсулин төмендетеді.
Қанның кұрамында инсулин қалыпты мөлшерде азайған жағдайда, онда қанттың мөлшерi жоғарылайды да, соньң нәтижесінде, қант диабеті ауруы байқалады. Бұл ауру әрі ересек адамдарда, әрi балаларда (6-12 жас аралықтарында жиi кездеседi) байқалады. Аурудың негiзгi белгілерi шөлдеу байқалып, адам бір тәулiкте бiрнеше литр су iшуге мәжбүр болады, денесi кызып, әлсiздiк байқалады, ал зәрмен бiрге тәулiкте 100 гр-ға дейiн қант бөлiнедi.
Диабеттен ауырған балалаға инсулин жiберiледі. Олар дәрiгердің айтқан тамақтану режимін дұрыс орындағандары жөн. Ондай оқушылар кейбiр күндерi сабақтан босатылады. Қажет болған жағдайда емханаға жатқызылады.
Мұндай ауруға шалдығып балалар, дәрiгер-мамандардың: фтизиатордың, окулистiң, невропатологтің, стоматологтың және басқалардың бақылауында болулары тиiс.
Диабет ауруыньң пайда болуына себептер әр түрлi болуы мүмкін: тұқым қуалау инфекциялық аурумен ауыру, мөлшерден артық тамақтану т.т. Сондықтан тұқым қуалау жағын еске алған жөн.
Ұйқы безiнiң ең қарқындап дамуы 1 жасқа дейiн және 5-6 жаста байқалады. Бұл без өзiнiң морфологиялық жағынан ересек адамдардың дәрежесiне 11-13 жаста ‚келетiн болса, функциялық жағынан 15-16 жаста теңеседi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет