II тур
2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.
1-қатар + 3-қатар
4-қатар + 6-қатар
2-қатар + 5-қатар
Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).
Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.
Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.
III тур
II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.
Енді кездесетіндер: 1-қатар + 6-қатар
2-қатар + 3-қатар
4-қатар + 5-қатар (қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.
1. Мектеп кітапханасынан басқа кітапханаға барып, сабаққа дайындаласыңдар ма?
2. Қажетті әдебиеттер мен оқу құралдарын үйге бере ме? Қанша күнге береді?
3. Кітапхананың оқу залында жиі жұмыс істейсіңдер ме?
4. Сабақта қосымша әдебиеттерді пайдаланасыңдар ма?
V. Сабақты қорытындылау.
5-тапсырма. Оқыңыз, қызық!
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
VІI. Бағалау: Сабаққа белсенді атсалысқан оқушыларды бағалаймын.
2-сабақ Ғылым таппай мақтанба
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1. Қандай нәрселерден аулақ болуымыз керек?
2. Қандай асыл іс істеуіміз керек?
3. Сабаққа дайындалуды неден бастайсыңдар? Әр кезеңін ашып айтыңдар.
4. Сабаққа тиімді дайындалудың ұсыныстары қандай?
3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрап, сөздерге морфологиялық талдау жасау.
Кітапханада, дайындалдық, сабаққа, біз.
Морфологиялық талдау жоспары
1. Негізгі, көмекші сөздерді мағыналарына, тұлғаларына, қызметіне қарай анықтаңдар.
2. Толық мағынасы бар негізгі сөздердің мағынасын, жасалу жолын, сөйлемдегі қызметін түсіндіріңдер. Қай сөз табына жататынын анықтаңдар.
3. Әр сөз мағынасын морфологиялық көрсеткіш арқылы, қызметін сұрақ арқылы анықтаңдар.
Кластер жасау:
Оқушылар қағаз бетіне Абай атамыздың өлеңіне сүйене отырып өз ойларын жазады. Жазған ойларын ортаға шығып қорғайды. Бұл жұмысқа оқушыларға 10 минут уақыт беріледі.
V. Сабақты қорытындылау.
Кубизм әдісі:
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Қағаздарда сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар жазылады.
Абай Құнанбаев кім?
«Ғылым» дегенді қалай түсінесіңдер?
Абай атамыз неге шақырады?
Қандай кітаптарды оқығанды ұнатасыңдар?
Қандай ақындардың өлеңдерін оқисыңдар?
Олар неге тәрбиелейді?
VI. Үй тапсырмасы. 1-тапсырма. Жаттау.
3-сабақ Адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. М. Әуезовтің нақыл сөздерін оқып, мазмұнын түсініп алу.
* Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім.
* Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен.
* Ақыл – адам көрігі, ақылдының серігі.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу.
«Кезбе журналист» әдісі:
Оқушылардың біреуі журналист, біреуі оператор болып шағын көрініс дайындайды. Айбардың жасаған жұмысы туралы оқушылардан пікір алмасады. Әр оқушы өз ойын айтады. Оның өз жұмысына деген аса жауапкершілігі туралы айтады. Оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс туралы өз ойларын білдіреді.
3-тапсырма. Мектеп кабинеттерін жабдықтауға қандай үлес қосқандары туралы диалог дайындап, өзара сөйлесу.
V. Сабақты қорытындылау.
Кубизм әдісі: Сұрақтарға жауап беру.
Мектептеріңде қандай оқу кабинеттері бар?
Олар қалай жабдықталған?
Мектептеріңде мерекелік іс-шаралар қалай өтеді?
Сынып жетекшілеріңмен бірге қандай жұмыстар атқарасыңдар?
Сыныптастарыңмен қарым – қатынастарың қалай?
Мектептің қоғамдық өміріне қалай атсалысасың?
«Кім шапшаң?» ойыны.
«Мектеп – кеме, білім - теңіз» деген мақалдың мәнін ашыңдар. Өз сөздеріңмен айтып беріңдер.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
4-сабақ Қазақ тілі сабағында
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды жеке - топтық оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге де болады.
Жеке - топтық жұмыс формасы
Құрал-жабдығы:
1. Бағалау парағы.
2. Оқулықтағы үш деңгейдегі тапсырмалар.
3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды.
Жетондар
Ойынның жүру барысы
Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. әр оқушының алдында үш деңгейлік сұрақтары бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).
Оқушылар деңгейді таңдайды:
• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.
• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.
• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.
Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.
Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді тандап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.
Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгейдің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.
Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.
I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы.
3-тапсырма. «Қазақ тілі сабағында» қандай тапсырма түрлерін орындайтындары туралы айтып беру.
5-сабақ Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Кітапхана - ... мекеме.
A) салалық B) көрнекті C) мәдени-ағартушылық D) ғылыми
2. Кітапхана атқаратын міндетіне қарай нешеге бөлінеді?
A) екіге B) үшке С)төртке D) беске
3. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Кітапхананың іші
A) жарық, тар, ұзын
B) қалың, тар, қараңғы
C) кең, таза, жарық
D) кең, тар, жарық
4. Берілген сөйлемді аяқтаңдар.
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - ... .
A) өмір B) білім C) адам D) бақыт
5. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңдар.
Қазақ тілі сабағына арнайы кітапхана... барып дайындаламын.
A) барыс септігі B) табыс септігі C) жатыс септігі D) шығыс септігі
6. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.
Мектеп кітапханасы ... қабатта орналасқан.
A) екінші B) үйде C) мектепте D) көшеде
7. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.
Біз бүгін қазақ тілі сабағында ... туралы оқыдық.
A) жер бедері B) көмір қышқылы C) мақал-мәтелдер D) күрделі есептер
8. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңдар.
Кітапхана... алды... біраз сөйлесіп отырдың.
A) -ның, -нда B) -нің, -нде C) -дің, -да D) -дың, -де
9. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Кітапханадан бірнеше ... алдым.
A) қағаз B) кітап C) дөптер D) сурет
10. Мен бос уақытымда ... оқимын. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.
A) қағаз B) кітап C) дәптер D)сурет
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
Бос уақыттарыңда кітапханаға барасыңдар ма?
Қазақ тілі сабағында кітапханадан көбіне қандай материалдарды аласыңдар?
Білім, ғылым туралы бірнеше мақал – мәтел жаттап айтыңдар.
Бос уақыттарыңда қандай іспен шұғылданатындарың туралы диалог құраңдар.
«Бос уақытымды қызықты өткіземін» деген тақырыпта шағын мәтін құраңдар.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы.
XV МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: E-mail пошта
Грамматикалық тақырыбы: Сын - қимыл үстеулері
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту
E-mail пошта дегеніміз не? Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау Диалогпен жұмыс
|
45 минут
|
Сөйлесу
|
2-сабақ
|
Тірек сызбамен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
3-сабақ
|
Диалогпен жұмыс Тірек сызбамен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
4-сабақ
|
Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс
|
45 минут
|
5-сабақ
|
Тірек сызбамен жұмыс Диалогпен жұмыс Жаттығуларды орындау
|
45 минут
|
6-сабақ
|
Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс
|
45 минут
|
7-сабақ
|
«Пошта жүйесін баптау» мәтінімен жұмыс Диалог құрау Жаттығулармен жұмыс
|
45
минут
|
Қорытынды
|
5-сабақ
|
1. Тест
2. Бақылау сұрақтары
|
45 минут
|
Кіріспе бөлімі
1-сабақ E-mail пошта дегеніміз не?
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Сызбалармен танысып, ережелерін есте сақтау.
Сын - қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: ақырын жүрді, емін-еркін отырды, т.б. Сын - қимыл үстеулері құрамы жағынан негізгі, туынды және күрделі де бола алады.
|
V. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей
1. Берілген сұрақтарға жауап беру.
1) Электронды пошта дегеніміз не?
2) «Е-mail» сөзі қай тілден енген?
3) Е-mail поштаның жазылуы қай сөздікте берілген?
4) Электронды поштаның хабарлама жіберудің басқа жүйелерінен айырмашылығы қандай?
2. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қойыңдар.
Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы дамыған жүйемен тәуелсіз қарым-қатынастар болып табылады.
ІІ деңгей
1. Берілген сөздердің дұрыс аудармасын табыңдар.
Пошта – почта
Желі – сеть
Бағдарлама – программа
2. Сөйлемдегі сұрақтарға жауап беріңдер.
(Неде?) дұрыс жазылуы әлі бекітілген жоқ. Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы дамыған жүйемен (қандай?) қарым – қатынастар болып табылады.
І деңгей
Берілген мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
3-тапсырма. Берілген сөздерді қолданып, электронды пошта туралы әңгімелесу.
Электронды байланыс, сайттарды ашу, Интернет желісі, жедел ақпарат, пошта қызметі, хабарлама тасу, жаңа желі.
VI. Сабақты қорытындылау.
4-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.
VII. Үй тапсырмасы.
2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөйлемдердің дұрыстығын тексеру.
2-сабақ Электронды поштаның тарихы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Тірек сызба бойынша электронды поштаның тарихына сипаттама беру.
Электронды пошта тарихы
1965 ж.
Массачусетс технологиялық институтының (МІТ) қызметкерлері
Ноэль Моррис және То Ван Влек
СТSS операциялық жүйесіне арналған
MAIL бағдарламасын жазды.
Бағдарлама IBM 7094 компьютерде орнатылды.
2-тапсырма. Берілген мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
«Өз жартынды тап» ойынын өткізу.
Ойынның шарты:
Мұғалім екі-екіден кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады. Оңушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.
Сұрақтар:
1. Пошта мен электронды поштаның айырмашылығы қандай?
2. Электронды поштаның ең елеулі ерекшелігі қандай?
3. Электронды поштаның жылдамдығы немен бірдей?
4. Электронды поштада хабарлама қалай жеткізіледі?
5. Хабарламаларды электронды поштада қалай қолдануға болады?
4-тапсырма. Берілген сөйлемдерге керекті сын - қимыл үстеулерді қойып жазу.
Қазіргі кезде электронды пошта кеңінен қолданылып келеді. Қазіргі кезде пошта бұрынғыша қолданылмайды. Электронды поштада хаттарға қолма-қол жауап беруге болады. Интернет желісі Қазақстанда бірте-бірте дамып келеді. Мен электронды поштаны емін-еркін қолданамын. Мөлдір электронды поштада хат жіберуді лезде үйреніп алды.
V. Сабақты қорытындылау.
Берілген сөздерді септе.
Пошта, хабарлама, бағдарлама.
Атау с.
Ілік с.
Барыс с.
Табыс с.
Жатыс с.
Шығыс с.
Көмектес с.
VI. Үй тапсырмасы.
5-тапсырма. Электронды поштаны қолдану туралы өзара диалог құрау.
3-сабақ Электронды поштаны қалай қолдануға болады?
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесу. Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Электронды поштаға жаңадан тіркелу үшін қандай қадамдар жасалады?
2. Электронды поштада қандай үйшіктер қызмет жасайды?
3. Электронды поштада хаттар қалай жеткізіледі?
2-тапсырма. Тірек сызбаны пайдаланып, электронды поштаны қолдану туралы шағын мәтін құрау.
Электронды пошта тарихы
ХАТ СУРЕТ БЕЙНЕЛІК ДЫБЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА
МӘЛІМЕТ МӘЛІМЕТ
3-тапсырма. Сөйлемдегі сұрақтарға жауап беру. Жауап үлгісі:
1) Электронды поштаның ең негізгі айырмашылығы - оның жылдамдығы.
2) Дербес компьютерлерге арналған пошталық бағдарламалар поштаны қабылдау және жөнелту үшін әр түрлі хаттамаларды қолданады.
3) Электронды поштаны Жер шарының бүкіл аймағында бар пошталық қызметтің баламасы деп айтуға болады.
Сөздік:
Қолданушы агент – агент – пользователь
Тұтынушы - потребитель
Тасымалдау агенті – агент переноса
Жеткізу агенті – агент доставки
Жергілікті – местный
V. Сабақты қорытындылау.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Электронды пошта жүйесі неше бөліктен тұрады?
2. Қолданушы агент дегеніміз не?
3. Тасымалдау агенті дегеніміз не?
4. Тасымалдау агентінің ең кең таралған түрі қалай аталады?
5. Жеткізу агенті дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |