Сабақ тақырыбы: жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Сабақ мақсаты



бет129/139
Дата08.02.2022
өлшемі9,35 Mb.
#120514
түріСабақ
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   139
Байланысты:
00066945-a2bb2d0a

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жарықтың толық шағылу құбылысын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).
Жарық шоғы тығызырақ ортадан тығыздығы азырақ ортаға өткенде, таралу жылдамдығы артады. Сәуленің түсу бұрышымен салыстырғанда, сыну бұрышы да артады. Бұл жағдайда сыну заңы:
.
Жарық көзін шайба дөңгелегінің бойымен орын ауыстыру жолымен сыну бұрышын арттыруға болады. Сонда түсу бұрышына қарағанда сыну бұрышы тез артады, шағылған шоқтың жарықтығы артады, ал сынған шоқтың жарықтығы кемиді. Түсу бұрышын сыну бұрышы 900-қа тең болатындай етіп аламыз. Мұнда сынған шоқтың жарықтығы жойылады, ал шағылған шоқтың жарықтығы түскен шоқтың жарықтығына тең болады. Түсу бұршының одан әрі артуы –екі ортаны бөлетін шекарада сынудың болмауына алып келеді. Бұл құбылысты толық ішкі шағылу деп, ал толық шағылу болатын бұрышты сындық немесе αш шектік бұрыш деп атайды.
.
Дисперсия құбылысын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).

Негізгі жеті түсті шоқтар жай, монохроматты шоқтар деп аталады.

Күн жарығының құрама бөліктерге жіктелу құбылысы дисперсия деп аталады. Кемпірқосақ –жарықтың жаңбыр тамшыларында призмадағыдай жіктелуі нәтижесінде пайда болған күрделі күн жарығының үздіксіз спектрі.
Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.
ІV. Пысықтау.

  • Жарықтың толық шағылу құбылысы қандай жағдайларда болады?

  • Толық ішкі шағылу дегеніміз не?

  • Шекті бұрыш дегеніміз не?

  • Спектр деген не?

  • Ньютон тәжірибесін айтып беріңдер.

  • Монохромат сәуле деген не?

  • Дисперсия деген не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет