Капитан, капитан, ......!
Капитан: 1 адамнан рафт беріп жүреді;
Құтқарушы: 2 адамнан балон лақтырады;
Қайықта: 3 адамнан ескек еседі
Түскі ас: 4 адамнан тамақ жейді
Кемеде : 5 адамнан дөңгеленіп тұрады.
Мақсаты: Топты ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс істеуге бағыттайды.
Алгоритм:
Топқа бөлу;
Нұсқаулық;
Бұйрық беру
Қорытынды.
5 минут
142. «Карусель»
Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады.Ішкі шеңбер – қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады.Сыртқы шеңбер – қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады.Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды.Сөйлем қойылған мақсатқа байланысты болады. Мысалы, әріптесінің жағымды жақтарын көрсету үшін «Мен сен сияқты ақылды, ұстамды болғым келеді» деуге болады.Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын оның қасиеттерін айтып отырады.Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |